Теннис • 03 Қазан, 2022

Ел чемпиондары анықталды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы «Дәулет» теннис орта­лы­­ғында теннистен ерлер және әйел­дер ара­сында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Ел чемпиондары анықталды

Ерлер арасында финалда 22 жастағы ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев топ жарды. Әлемдік рейтингте 326-орында тұрған Б.Жұқаев бас жүлде үшін өткен бәсекеде Денис Евсеевті екі сетте 7:6 (7:4), 6:4 есебімен тізе бүктіріп, екінші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін ол қысқы чемпионатта да үздік шыққан болатын. Осылайша, Ақтау теннис мектебінің түлегі Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен Astana Open ATP 500 турнирінде жекелей сында өнер көрсетуге жолдама алды. Бұл – отандасымыздың АТР санатындағы алғашқы ең ірі жарысы. Сондай-ақ ол жұптық сында Александр Бубликпен бірге бақ сынайды. Денис Евсеев пен Григорий Ломакин де жұптық сында бәсекеге түседі.

Қарағандылық Арысланбек Айтқұлов қола жүлде үшін болған жарыста Достанбек Ташбо­ла­товты екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, қола жүл­деге ие болды. Әйелдер арасында Гөзал Айнит­динова Қазақстанның бірнеше дүркін жеңім­пазы Жібек Құламбаевадан 6:2, 6:1 есебі­мен айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Ал қо­ла жүлде Мария Синицынаға бұйырды. Ол Жа­нель Рүстемованы 7:5, 6:4 есебімен сүріндірді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15