
Спорт • 28 Қыркүйек, 2022
Биылғы Ұлттар лигасында тамаша өнер көрсетіп, «В» дивизионына жолдама алған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчта Магомед Адиев шәкірттері «С» дивизионының төртінші тобында үздік шыққан Грузия құрамасымен ойнайтын болды.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2022
Аустралияның Вуллонгонг қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. Бәсекенің соңғы күнін ересектер 266,9 шақырымдық жарыспен қорытындылады.
Теннис • 27 Қыркүйек, 2022
Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Францияның Метц қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2022
Францияның бас шаһары – Парижде спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің 4-кезеңі мәресіне жетті. Екі жылдан кейін Олимпия ойындарын қабылдайтын сарайдың бірінде өткен бәсекеде «сен тұр, мен атайын» деген тәжірибелі гимнастар шеберлік байқасты.
Футбол • 26 Қыркүйек, 2022
Әліп Әзербайжанның жеңісіне «көмектесті»
Футболдан Ұлттар лигасының үшінші маусымы Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды. Айтулы турнирдің алдыңғы екі маусымында ілініп-салынып өнер көрсеткен жерлестеріміз биыл ер кезегі үшке дейін деген ұстанымды басшылыққа алып, Ұлттар лигасындағы басты мақсатына қол жеткізді. Өз тобында бірінші орын алып, «В» лигасына тікелей жолдамаға ие болды. Жыл басында ғана «D» дивизионына түсіп қалудың аз-ақ алдында тұрған ұлттық құрама ұландары арада алты ай өткенде жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады.
Хоккей • 26 Қыркүйек, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың «Барысы» сырт айдында өткен алғашқы ойында жеңіліп қалды.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
Бұл күндері Нидерланд пен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы АҚШ қыздарымен кездесіп, жеңіліп қалды.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2022
Аустралияның Вуллонгонг қаласында өткен велоспорттан әлем чемпионаты мәресіне жетіп, қазақстандық велошабандоздар бір алтын медаль жеңіп алды.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2022
Бүгін Нидерланд пен Польшада волейболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.
Кәсіпқой бокс • 23 Қыркүйек, 2022
Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қанша ақылы сатылым (PPV) жинағаны белгілі болды.