
Технология • 29 Ақпан, 2024
ChatGPT-дің қазақ тіліндегі үлгісі
Міне, жаңалық. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды интеллект» ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі үлгісін жасады.
Инновация • 22 Ақпан, 2024
Инновациялық жобалар жетістігі
Бүгінде отандық инновациялық жобалар елімізге ғана емес, әлемге танылып үлгерді. Мәселен, «Smart Data Ukimet» (SDU) ақпараттық-талдау жүйесі 2023 жылғы беделді Future of Government Awards марапатында Open Source Adaption санатында ТОП-3 қатарына енді.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сатирик қаламгер Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Экология • 19 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті отандық жоғары оқу орындары арасында әлем тұрғындарын энергияны үнемдеуге және табиғи ресурстарды сақтауға шақыратын «M’illumino di Meno» экологиялық акциясына бірінші болып қатысып, жаһандық бастамаға үн қосты.
Ғылым • 19 Ақпан, 2024
Экологияны жақсартатын технология
Дүниежүзілік банктің болжамынша, еліміздегі таза су қоры жыл санап азайып келеді. Сарапшылардың айтуынша, сегіз жылдық мерзімде таза суға тапшылықты 15 пайызға дейін тартады екенбіз. Екіншіден, біз күн сайын жұтып жүрген ауа да ластанған. Бұл мәселе отандық ғалымдарды қатты алаңдатады. Олар осы тығырықтан шығу үшін түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарын бастады. Нәтиже де жоқ емес. Айталық, Nazarbayev University Астана ұлттық зертханасының (NLA) ғалымдары еліміздегі және әлемдегі экологиялық жағдайды жақсартатын технология жасауды қолға алған. Мәселен, олар жарықтың әсерінен судағы ластаушы заттардың зиянсыз элементтерге ыдырауын тездететін тиімді фотокатализаторлар жасап шығарды.
Университет • 16 Ақпан, 2024
Қазақ тілін оқытуды жетілдіреді
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы биылғы ғылыми кеңестің алғашқы отырысында қазақ тілін оқытуды жетілдіру мәселесін талқылады. Онда жаңа ұстанымның бірі ретінде ҚазТест жүйесіне негізделген әдістемені енгізу қарастырылды.
Басылым • 13 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компиляторына кіріспе») атты кітабы әлемге танымал «Springer» баспасынан ағылшын тілінде жарық көрді.
Тағзым • 11 Ақпан, 2024
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-дирижер Мырзағали Айдаболов пен Мәдениет саласының үздігі, композитор-дирижер Мұхаметқали Тінәлинді еске алуға арналған «Дарынгер» атты музыкалық кеш өтті.
Мәдениет • 08 Ақпан, 2024
Әйгілі Сүгір күйшінің «Қосбасарын» тыңдап көрсеңіз, шынында, ғаламат туынды екенін мойындайсыз. Оны тыңдағанда өзгеше әлемге еніп, жан-дүниеңізді мөлдір мұң басады. Күйдің сарынынан елі мен жерін қорғап, шейіт болғандардың жан дауысын естігендей боласыз. Иә, солай. Бұл туындының тарихы да тыңдаушыға ой салады.
Таным • 01 Ақпан, 2024
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қызметкері, жас ғалым Батырлан Сағынтаев фейсбуктегі парақшасына 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Торғайұлы» есімді автордың «Үлгілі іс» атты мақаласын жариялады.