
Білім • 01 Маусым, 2023
Мектептегі қоңырау үнін естігенде балалық пен бозбалалықтың қызыққа толы сәттері ғана емес, он бір жыл бойы білім алған мектеп пен ардақты ұстаздарыңыздың бейнесі көз алдыңызға келіп, ғажайып бір күйге енесіз. Осындай сырлы сәтті тағы да басымыздан кешкендей болдық. Астанадағы №8 мектеп-лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Қоғам • 31 Мамыр, 2023
Отандық «ApartX» стартапына «Big Sky Capital» және «Activat-VC» венчурлық қорынан 250 мың доллар инвестиция тартылды. Бұл инвестициялар стартаптың мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймайды, сондай-ақ нарықтағы орнын нығайтып, жылжымайтын мүлікті жалға беру өндірісіндегі мәселелерді еңсеруге жол ашады.
Балалар • 28 Мамыр, 2023
Әне-міне дегенше жаз да келді. Оқу жылының аяқталуына санаулы күн қалды. Енді балалар сабақтан арқа-басы босап, каникулға шығады. Бұл ретте жеткіншектердің жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.
Инвестиция • 23 Мамыр, 2023
Венчурлық инвестицияға бетбұрыс
Елордада «Astana Venture Club»-тың болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсететін «бизнес-періште» қауымдастығының ресми ашылуы өтті. Оған инвесторлар, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен еліміздегі IT-қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Музей • 23 Мамыр, 2023
Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында тағылымды бір шара өтті. Түркі әлемінің көсеміне айналған тұлғаның өзі пайдаланған үш дана мөртаңбасының түпнұсқасы аталған білім ордасындағы ұлт қайраткерінің музейіне салтанатты түрде табыс етілді. Мазмұнды шараға шоқайтанушы ғалым, Түркиядағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір және Шоқай әулетінің бүгінгі ұрпағы қатысты.
Білім • 22 Мамыр, 2023
Берлин Еуразиялық клубының 37-отырысына қатысушылар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Германия арасындағы техникалық жоғары және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Жәдігер • 15 Мамыр, 2023
Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынның 1933 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны туралы куәлігі сақталған. Куәлік бланкісі орыс тілінде жазылған. Сол жағында көрнекті қайраткердің 6 х 4,5 суреті мен куәліктің соңында институт директорының, тіл және әдебиет бөлімі меңгерушісінің және секретардың қолы қойылып, мөрі басылған.
Пікір • 15 Мамыр, 2023
Қазір ауылда жастар қалмай барады дегенді жиі естиміз. Бірақ оған жастарды кінәлау қиын. Жалпы, бұл өте күрделі мәселе. Оның түрлі себебі бар. Алдымен соған үңіліп көрейік.
Егемен Қазақстан • 08 Мамыр, 2023
Жақында филология ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, жазушы, 1996-1998 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болған Уәлихан Қалижанұлы 75 жасқа толды. Осыған орай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы белгілі қоғам қайраткеріне сый-құрмет көрсетті.
Ұстаз • 05 Мамыр, 2023
Өмірде жан-жағын жылы шуаққа толтырып жүретін жандар болады. Сондай адамдардың бірі, ұлағатты ұстаз, Білім беру ісінің үздігі – Оспан Сүлейменұлы.