
Фотогалерея • 13 Сәуір, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай XV-XIX ғасырлардағы еліміздің ежелгі Еуропа және Америка карталарының галереясы ашылды. Онда аталған жоғары оқу орнындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық ғылыми зерттеу еңбегі ұсынылды.
Жоба • 09 Сәуір, 2023
Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.
Музей • 06 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде «Қазақ даласы тарихи карталарда: кеңістік пен аумақ құрылымдары» атты көрме ашылды. Онда XVI ғасыр мен 1939 жыл аралығында еуропалық, америкалық, ресейлік картографтар құрастырған тарихи 26 карта таныстырылды. Бұл карталар Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жеке коллекциясынан ұсынылды. Тарихи карталарда қазіргі еліміздің құрамына кіретін аймақтар көрсетіліп, бекітілген.
Музей • 04 Сәуір, 2023
Биыл 1916 жылғы Торғайдағы тарихи көтерілістің қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай мазмұнды іс-шара елордадан бастау алып, Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны Қостанай облысының Мәдениет басқармасы мен Ұлттық музей бірлесіп өткізді.
Технология • 02 Сәуір, 2023
Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет әртүрлі форматтағы 3D принтерін құрастыратын шағын өндіріс ашылады. Технологияны құрылыс және басқа да өнеркәсіпте қолдануға болады. Өндірістің жылдық қуаты 300 принтер деп жоспарланған.
Кітапхана • 20 Наурыз, 2023
Елорданың қоғамдық кітапханасы
Астананың рухани өміріне ерекше өзгеріс сыйлайтын жағымды жаңалық бар. Жақында елордадағы Maqsut Narikbayev University-де «Public Library» атты қоғамдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Пікір • 20 Наурыз, 2023
Әңгімені бірден оқиғадан өрбітейік. Оны Торғай өңірінде жауапты қызмет істеген бір ағамыздан естіп едім. Өзі Шығыс Қазақстанның тумасы болса да, осы өлкеге сіңген азамат.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2023
Жер қойнауын пайдалану платформасы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде Minerals.gov.kz жер қойнауын пайдалану платформасы әзірленді. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2023
Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады. Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 әлеуетті стартапты Кремний алқабында Hero Training интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.
Білім • 16 Наурыз, 2023
Астанадағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері өтті.