
Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Қыркүйек, 2022
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігі бірлесіп Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырған «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұлт ұстазының туған жеріне аттанды.
Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» атты оймақтай болса да, әйел жанының қалтарыс-бұлтарысына терең бойлаған әңгімесін оқығанда, көз алдыма өзімнің туған әжем келеді. Менің әжем де – соғыстың жесірі. Атам 1942 жылы әскерге алынып, адам қаны қисапсыз төгілген Сталинград майданында із-түзсіз хабарсыз кеткен. Міне, содан бері сексен жыл өтсе де ешқандай дерек жоқ. Әжем соғыс жылдарында колхоздың қара жұмысын атқара жүріп, екі қызы мен бір ұлын ешкімнен кем қылмай жеткізіп, атамнан «бір жақсы хабар болады-ау» деген үмітпен өмір сүріп, 75 жасында дүниеден озды.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орындарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Қазақ поэзиясына «өртке тиген дауылдай» соны леп, жаңа дауыс әкелген көрнекті ақын Қасым Аманжолов көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, айрықша қолтаңбасын қалдырған. Тіпті әдебиетімізде кенжелеп қалған осы жанрдың дамуына зор үлес қосты деуге болады. Талантты суреткердің Батыс пен Шығыс позиясын жетік білгендігі сондай, ол солардың ішінен өз жүрегіне жақын ақындарды таңдап, солардың шығармаларын аударған секілді. Әсіресе Д.Байрон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Т.Шевченко, В.Маяковский А.Твардовский, Низами секілді айтулы ақындардың тәржімалаған туындыларын көркем аударманың үздік үлгілері деп айта аламыз.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Сарытүбектен Ыстанбұлға дейін...
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйекте танымал велошабандоз, журналист Ернат Мелсұлы Ахаң туған Торғай жеріндегі Сарытүбектен Ыстанбұлға белесебетпен жолға шықты. Бұл халықаралық велошеруді ол ұлы тұлғаның ЮНЕСКО көлеміндегі 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2022
Кезінде республикаға ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге дейін танылып, ұлт өнерін асқақтатып, ел мерейін өсірген айтулы өнер ұжымының бірі – 1974 жылы бұрынғы Торғай облысы филармониясы жанынан құрылған «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі. Оның құрылуына сол жылдары жаңадан ашылған облыста партия комитетінің үшінші хатшысы болып жауапты қызмет атқарған халқымыздың ардақты азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков тікелей қолдау көрсетті.
Елорда • 04 Қыркүйек, 2022
Елордада Конституция күніне орай атақты күйші Құрманғазы бабамыздың ескерткіші жанында кейінгі жылдары игі дәстүрге айналған IV Күй жәрмеңкесі өтіп, онда елімізге танымал дәулескер домбырашылардан бастап, жас күйшілерге дейін өнер көрсетті. Мазмұнды іс-шараны өткізуге Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы мен Есіл ауданының әкімдігі және «Күй анасы» республикалық қоғамдық қоры ұйытқы болды.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, қайраткер, қысқасы, жалпақ қазақ бірауыз сөзбен ұлт ұстазы деп дәріптейтін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт руханияты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әдебиет • 01 Қыркүйек, 2022
«Әдебиетті – ардың ісі» деген бағалаған бірегей жазушының бірі Төлен Әбдікұлы ағамыздың өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жазылғанымен әлі күнге дейін өзектілігі мен маңызын жоймаған «Қонақтар» деген тамаша әңгімесі бар. Бұл шығармада автор сол кезеңдегі кейбір ағайындардың өз тамырынан ғана емес, тілі мен дінінен, салт-дәстүрінен жерініп, ажырап бара жатқан болмысын астармен көркем бейнелеген.
Өнер • 26 Тамыз, 2022
Қазақстанның халық суретшісі, алғашқы кәсіби қылқалам шеберлерінің бірі Молдахмет Кенбаев шығармашылығын көзі қарақты қауым жақсы біледі. Әсіресе суретшінің есімі «Қашағанды қуу» атты ғажап картинасы арқылы өте таныс. Оның бірқатар еңбегі Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Шығыс халықтарының өнері мемлекеттік музейінде сақталған. Ал біз бүгін сөз ететін туынды – «Киіз басу» деп аталады. Мұны суретші 1958 жылы салған.