
Өнер • 23 Мамыр, 2022
Осы картинаны ғаламтордан көріп, ерекше әсер алдым. Әжесінің арқасында ұйықтап бара жатқан бала, бір сәт өзім секілді көрінді. Марқұм әжем мені дәл осылай арқалайтын. Қонаққа арқалап алып барып, арқалап алып келетін. Сонда әжемнің арқасы жайлы төсектей еді. Шын мәнінде, қазақ әжелері өте мейірімді, немересі үшін жанын беруге бар. Соның бір көрінісін осы суреттен байқайсыз. Бұл – белгілі қылқалам шебері Айгүл Хакімжанованың «Әжем» деген картинасы.
Тарих • 22 Мамыр, 2022
Әлжан Қарабайұлы 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы және бас сардар Амангелді Имановтың сенімді серігі болған. Қазір құнды жәдігер Қостанай облысы Амангелді аудандық мемориалдық музейінде сақталған. Оны мұражайға қарт қаламгер Бөгетбай Әлмағамбетұлы тапсырған.
Әдебиет • 18 Мамыр, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, тележурналист Сағат Әшімбаевтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Парасат әлемі: тұлға және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент депутаттары, талантты тұлғаны жақын білетін достары, замандастары, жалпы, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қоғам • 17 Мамыр, 2022
Бұл өзі қоғамға дендеп енген дерт пе, әлде кеңестік кезеңнен қалған кесел ме, айта алмаймын. Әйтеуір, содан аяқ алып жүре алмайсыз. Соның салдарынан кез келген шаруаңыз оңай бітпейді, жүйкеңізді жұқартып, діңкелетіп жібереді.
Әдебиет • 16 Мамыр, 2022
Жақында белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби және ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың мерейлі белесіне орай, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада шығармашылық портреті туралы эсселер, мақалалар және сұхбаттар топтастырылған «Аралдың ақжал толқыны» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Өнер • 15 Мамыр, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, дарынды қылқалам шебері Ботагөз Төлештің «Жаңару» атты жеке көрмесі ашылды.
Руханият • 13 Мамыр, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың жетпіс жылдық мерейтойына орай «Аралдың ақжал толқыны» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 06 Мамыр, 2022
Әрбір суретті естелік деп қана емес, тарих деп те айтуға болады. Оған биыл туғанына тоқсан жыл толған белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов пен көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың көпшілікпен бірге түскен суреті дәлел. Бұл бағалы дүниені бізге ақынның қызы Майра Кәкімбекқызы көрсетті.
Өнер • 05 Мамыр, 2022
Елордадағы «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен белгілі ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған «Аққуым менің, қайдасың?» атты әдеби музыкалық кеш өтті.
Руханият • 04 Мамыр, 2022
Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық кино тарихындағы алғашқы қазақ фильмі екенінен хабарсыз едім. Одан сол кездегі саясаттың «лебі» соғып тұрса да, қазақ киносының тарихы осы туындыдан басталады. Фильм 1938 жылы түсіріліп, 1939 жылы 25 қаңтарда премьерасы өтті.