
Тарих • 31 Наурыз, 2022
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде Торғай жерінде өмір сүрген мастодонттың тісі сақталған.
Өнер • 28 Наурыз, 2022
Бірлік пен берекені бейнелеген...
Жуырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Астана Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты көрме өткізді.
Руханият • 28 Наурыз, 2022
Халқымыздың ұрпақтан - ұрпақтан жалғасып келе жатқан ғажайып салтының бірі –жиенқұрық. Қазақ қыздан туған баланы жиен дейді. Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен, жиен жат болмасын деп, үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны төбесіне хан көтеріп құрметтеген.
Өнер • 24 Наурыз, 2022
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында суретші Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шара кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Әдебиет • 20 Наурыз, 2022
«Адамға ең қымбаты – жұрт қамы, жұрт ісі»
Биыл – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, ақын, қайраткер, редактор және «Алаш» партиясын құрушылардың бірі болған ұлт ұстазы барлық саналы өмірін туған халқының келешегі жарқын болуына арнады. Патша империясы мен Кеңес өкіметі тұсында түрлі азап көріп, қуғынға ұшыраса да, қолынан қаламын тастамай, кейінгі ұрпаққа құнды мұра қалдырды. Біз бүгін сол еңбектерде қамтылған Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерін оқырманға ұсынып отырмыз.
Елорда • 18 Наурыз, 2022
Нұр-Сұлтан қаласындағы 8 мектепке ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан айтулы тұлғалар есімі берілді. Бұл жағымды жаңалықты қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлімдеді.
Театр • 16 Наурыз, 2022
Алдағы 1-2 сәуірде «Астана Балет» театрында Иржи Килианның Стивен Райх музыкасына қойған, қазіргі заман балетінің жауһарына айналған «Жолдан тайғандар» балеті көрсетіледі.
Өнер • 15 Наурыз, 2022
Бүгінде қазақ бейнелеу өнеріне талантты жастар легі келді. Солардың бірі – Оралбек Қабөке. Оның туындылары ұлттық калоритке байлығымен ғана емес, жылы әсерге толы әсемдігімен, түпсіз тереңдігімен ерекшеленеді. Айталық, суретшінің «Тартылыс» атты картинасын қараңызшы. Ақ сақалды қарияның құшағында мамыражай ұйқыда жатқан сәбилердің бейнесін көріп, халқымыздың «бала – бауыр етің» дейтін ғажайып философиясын бояу сырымен жеткізген шеберлігіне тәнті боласыз.
Руханият • 15 Наурыз, 2022
Бала күнімізде үлкендерден ел аузында парасат пайымымен, жұғымды мінезімен ілігіп жүрген азамат жайында «Е, оның кісілігі мол ғой» деп отырғанын талай естідім. Сонда «кісілік деген не екен?» деп ойға батушы едім.
Өнер • 14 Наурыз, 2022
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына жүз жыл толуына орай «Ән өнерінің падишасы» атты көрме өтті. Оған даңқты өнер иесінің ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.