Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61172 материал табылды

16 Қаңтар, 2019

Атамекенге оралған ағайынның жағдайы - жіті назарда

Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінің №245 санында (25 желтоқсан, 2018 жыл) Қостанайдағы меншікті тілшіміз Нәзира Жәрімбеттің «Атамекенге келіп, амалы құрып отыр» атты мақаласы жарияланған еді. Мақалада ай­тылған өзекті мәселенің шешімін табуды жүк­теген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­­тың тапсырмасына сәйкес, Қостанай об­лы­сының басшылығы төмендегі жайт­ты хабарлады.

16 Қаңтар, 2019

Қытай дәрілерін заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды

Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы  ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2019 жылғы 15 қаңтарда шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 Қаңтар, 2019

Қазақстандық мұғалімдер қысқы мектепке барды

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы жолдауында Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту туралы нақты тапсырма берді.  Жолдауды жүзеге асыру мақсатында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі ашылып отыр.

16 Қаңтар, 2019

«Астана» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футболдан соңғы бес бірдей ел біріншілігінде топ жарып, отандық командалар арасынан Еурокубоктарда ең табысты өнер көрсетіп жүрген «Астана» биылғы маусымға даярлықты бастады.  

Әлем • 16 Қаңтар, 2019

Тереза Мэй «Брексит» бойынша дауыс беруден жеңілді

Кеше Ұлыбритания парламентінде Еуродақтан шығу туралы Ұлыбритания үкіметімен Еуродақ арасындағы келісім бойынша дауыс беру өтті. 632 депутат қатысқан дауыс беруде Тереза Мэй жеңілді. 202 депутат келісімді қолдаса, 432-сі қарсылығын білдірді. Бұл Ұлыбритания тарихындағы алғашқы жеңіліс. 

16 Қаңтар, 2019

Сербияда сайысқа түседі

Кеше Сербияның Сомборе қаласында бокстан «Ұлттар кубогы» деп аталатын халықаралық турнир басталды.

16 Қаңтар, 2019

«Барыс» «Спартактан» жеңіліп қалды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Астанада өткізген «Барыс» Мәскеудің «Спартагын» үш шайба айырмашылығымен ұтып жатып, ақырында жеңісті уысынан шығарып алды.  

16 Қаңтар, 2019

Шымқалада ЭКО арқылы бала көтерген жас аналарды емдейтін бөлімше ашылды

№2 қалалық ауруханасында жүктіліктің 34 аптасынан бастап, жас аналарды бақылауда ұстайтын патология бөлімшесі ашылды. Жаңадан ашылған бөлімшеде ЭКО арқылы жүкті болған, мерзімінен асқан жүктілік, артериалдық гипертензияның орта дәрежесі, жеңіл преэклампсия, анемияның ауыр дәрежесі, гестациялық қант диабетінің компенсация сатысында жүкті келіншектірді емдейді.

16 Қаңтар, 2019

Шымкентте 263 мың тұрғынға мекенжайға тіркеу кодтары берілмеген

Ішкі істер министрлігі «Халықты құжаттандыру жүйесі» арқылы жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтеріне автоматты режимде мекенжай тіркеу кодын енгізу тетігін іске қосты.

16 Қаңтар, 2019

Шымкентте өткен жылы 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген

Кеше өткен әкімдік жиынында Шымкент қалалық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының 2018 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды. Былтыр Шымкентте тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4,9 миллион қызмет электронды түрде жүргізілген. Бұл жөнінде аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Юсупова баяндады.