
Оның жүгінен шекарашылар біздің елдің аумағына заңсыз енгізбекші болған 4 қорапта, жалпы салмағы 68,5 кг тартатын қытай дәрі-дәрмегін анықтаған. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізілетін болады. Заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.