Саладағы өндіріс көлемінің айтарлықтай артуы 2021 жылдан кейін алғаш рет байқалып отыр. Бұған дейін 2022-2024 жылдары цемент өндірісінде тұрақсыздық болып, 2023 жылы 21,1 пайызға төмендеу тіркелген болатын.
Жыл басынан бергі сұраныстың артуынан өндіріс көлемі бір жылда 68,4 пайызға өсіп, 666,7 мың тоннаға жетіп отыр. Оң динамика әсерінен импорт 19 пайызға қысқарып, экспорт көлемі 2 пайызға артқан.
Сарапшылардың сөзінше, сұраныстың артуы аясында цемент бағасы да өсіп, 13,7 пайызға қымбаттаған. Аймақтар бойынша ең жоғары баға өсімі Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына тиесілі. Ал, ең төмен өсім Ұлытау және Абай облыстарында байқалған.
Өзбекстанда шығарылған цемент өніміне жалған сәйкестік сертификаты берілген
Нұрболат АМАНБЕК