Саясат • Бүгін, 15:50

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль әскері атысты тоқтату режимін бұзып, Ливанның шекаралық Хиям қаласына артиллериялық соққы жасады. Бұл туралы ливандық NNA агенттігі жаряилады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Фото: minval.az

Агенттік мәліметінше, келісімге қарамастан қалаға бірнеше снаряд түскен. Бұл жарияланған бітімнің бұзылғанын білдіреді.

100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

Айта кетейік, 16 сәуірде Израиль мен «Хезболла» қозғалысы он күндік атысты тоқтату режиміне келіскен болатын. Келісім 17 сәуірде түн ортасынан бастап күшіне енді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шешім АҚШ-пен қарым-қатынасты ескере отырып қабылданғанын мәлімдеді. Алайда Израиль үкіметі бұл мәселе бойынша ресми дауыс бермеген.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар