
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды
Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әлем • 26 Наурыз, 2018
Қаржы пирамидасын құрушы Сергей Мавроди қайтыс болды
«МММ» қаржы пирамидасының негізін қалаушы Сергей Мавроди Мәскеудегі Боткин ауруханасында қайтыс болды.
Футбол • 26 Наурыз, 2018
Стойлов Болгарияға қарсы шығатын ойыншылардың тізімін жариялады
Еліміздің ұлттық құрамасының бүгінгі матчта алаңға шығатын негізгі құрамын Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Оңтүстік қызғалдақ фестиваліне шақырады
«Қызыл кітапқа» енген, айырықша қорғауды қажет ететін қызғалдақ – Оңтүстік Қазақстан облысының символы. Сол алқызыл қызғалдақтың ең әдемілері Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылыда және Шұбайқызылда көптеп өседі. Көктемгі тамаша көріністі қызықтауға еліміздің және алыс-жақын шетелдік қонақтардың мүмкіндігі молая түспек. Яғни, енді Оңтүстікте жыл сайын сәуір айында «Қызғалдақ фестивалін» өткізу қолға алынады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Наурыз мерекесін челябілік қандастар дүрілдетіп өткізді
Наурыз мерекесін Ресейдің Қостанай облысымен іргелес жатқан Челябі облысындағы қандастарымыз да дүрілдетіп атап өтті. Челябі қаласының орталығындағы «ЧТЗ» театрының атшаптырым фойесінде Наурыз мерекесіне арналған көрме өтті. Оған Челябі облысында тұрып жатқан түркі халықтарының өкілдерімен бірге Нағайбақ, Агапов, Чесма аудандары мен Пласт қаласы секілді он алты муниципалды аудандары мен қалаларынан қандастарымыз келіп қатысып, халқымыздың дәстүр-салтын, өнерін көрсетті.
Әлем • 26 Наурыз, 2018
Ресейдегі өрттен қаза тапқандардың саны 64 адамға жетті
Ресейдің Кемеров қаласындағы сауда ойын сауық орталықтарының біріндегі өрттен қаза тапқандар саны 64 адамға жетті. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков мәлімдеді.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
«Қарыз құлдығынан» сақтану керек
Елімізде 2017 жылы заңды тұлғаларға берілген банктік несиелер 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға қысқарған.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Думанды шаралар теңіз жағалауында өтті
Биыл ақтаулықтар Наурыз мейрамын теңіз жағалауында тойлады. Алаңға ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Күмбірлеген күй мен «құлақтан кіріп, бойды алар» әсем әннен шашу шашылды. Әр жерде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, халық арқа-жарқа болып, мәре-сәре күйге бөленді. Бұл көріністер Наурыздың жалпыхалықтық сипатқа ие болғанының айқын айғағы.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Елбасы Үндеуі ақысыз білім алуға зор мүмкіндік берді
Елбасы Үндеуі көктемнің самал желіндей жастардың жүрегін ерекше қуанышқа бөлегені анық. Қазір білім, мамандық алуға құштар, бірақ грантқа іліне алмай, ақылы бөлімдерде оқуға қаржысы болмай уақытын жоғалтатын жастар аз емес.
Президент • 26 Наурыз, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.