
Футбол • 26 Наурыз, 2018
Қайырымды футболшы Дидье Дрогба
Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі шебер футболшылардың бірі сөз жоқ Дидье Ив Дрогба Тебили. Бұл жігіт 1978 жылдың 11 наурызында Африка құрлығында орналасқан Кот-д Ивуар елінің Абиджан қаласында дүниеге келген. Атақты аяқдопшы өзінің 40 жасқа толуына байланысты осы маусым соңында спорттық өміріне нүкте қоятынын мәлімдеді. Бұған дейін еуропалық танымал клубтар: «Ле-Ман», «Генгам», «Марсель», «Челси» және түркиялық «Галатасарай», қытайлық «Шанхай Шэньхуа» сапында ойнаған азамат қазір АҚШ-тың екінші дивизионындағы «Финикс Райзинг» командасында доп теуіп жүр. Әсіресе 2004-2012 жылдары «Челси» сапында аладопты ойнатқан Дрогба ағылшын премьер-лигасында 100 гол соққан алғашқы қара құрлық өкілі ретінде тарихта аты қалды. Осы құрамада жүріп Чемпиондар лигасында топ жарды және ағылшын премьер-лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Ұлттық спорт • 26 Наурыз, 2018
«Бүркітші» емес «құсбегі» дейтін болды...
Ұлттық спорттың биылғы дүрмекті жарыстарын тағы да бүркітшілеріміз бастап кетті. Жуырда Оралда өткен бәсеке бүркітшілеріміздің ақпан айында ұйымдастырылған үшінші жарысы. Шығыс өңірде басталған бүркітшілер сайысы Жетісуда жалғасып, іле-шала құсбегілер Батыс Қазақстан облысына жол тартты. Нақтырақ айтқанда, ақпан айының алғашқы күндері Семей өңіріндегі Үржар ауданының Бестерек ауылында Астана қаласының 20 жылдығына орай ересектер арасындағы бүркітшілердің ХІІ республикалық чемпионаты өтті.
Ұлттық спорт • 26 Наурыз, 2018
Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Қазақ қай қиырда жүрсе де өзінің ұлттық болмысына тән ірілігін көрсетуден танбаған. Бұған мысал өте көп. Сөзіміздің дәлелі ретінде қарақалпақ топырағында туып-өсіп, Тұран өңірін таңғалдырған толағай ұл жайлы сөз етпекпіз.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Алматыда тегін донер таратылды
Алып шаһар Алматыда әз-Наурыз мерекесін тойлау бірер күн бұрын басталды. Орны бөлек мейрамның айрықша өтуіне мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар ғана емес жеке кәсіпкерлер де атсалысты.
Әлем • 26 Наурыз, 2018
Ресейдегі өрттен 37 адам қаза тапты
Ресейдің Тергеу комитеті Кемеров қаласындағы сауда орталығында болған өрттен 37 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Аймақтық қауіпсіздіктің маңызды құралы
Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылы әлемдік қоғамдастықтың көз алдында. Осы орайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына биыл (ҰҚШҰ) төрағалық жасап отырған еліміздің ұстанған негізгі бағытын ерекше атап өтуге болады.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Қостанайда мерекеге орай ат спорты ойындары өтті
Биыл қостанайлықтар үшін Наурыз қызығының бірі ұлттық ат спорты ойындары болды. Бәйге де, қыз қуу да, көкпар да Қостанайдың іргесіндегі Заречное селосында осыдан бірер жыл бұрын салынған жаңа типті «Арғымақ» ипподромында өтті. Делебені қоздырған бәйгеге сәйгүлігін Қостанай өңірінен басқа, Ақмола облысы мен Ресейдің іргедегі аудандарынан, Башқұртстаннан әкеліп қосқандар болды. Құнан бәйге 3 шақырымға, аламан бәйге 7 шақырымға айдалды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Көкшетау сән-салтанатқа бөленді
Қазақ ырымшыл халықпыз ғой ақты молшылық пен тазалыққа теңейтін. Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында қар молынан жауды. Наурыз мейрамын тойлауға дайындық таң атпастан басталып кетуі де сондықтан. Қала көшелерін түні бойы жауған қардан аршу үшін барлық тазалау мекемелері жұмылдырылып, дер кезінде негізгі көшелер тазартылды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Алматының ажарын ашқан айрықша күн
Алматыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Бұл мейрам Алатау бөктерінде орналасқан әсем шаһарға қарасты барлық 8 ауданда айрықша аталып өтілді. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, Алматының тұрғындары мен қонақтарға құттықтау сөзін арнады.