
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Ламин М мен қазақ дизайнерлері бірлесіп 4 метрлік көйлек тікті
Өмірде бұл көйлектерді киіп жүретін алып арулардың табылуы неғайбыл. Дегенмен алдағы күндері Алматыда басталатын Ұлттық сән апталығының айтулы оқиғалар легі басталды. Сән сөресіне бірінші болып француз стилист-суретшісі Ламин М мен қазақ дизайнерлері бірлесіп тіккен 4 метрлік көйлектер шықты.
Жеңіл атлетика • 26 Наурыз, 2018
АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан теннистен қыздар арасындағы Miami Open халықаралық турниріне Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас та қатысып жатыр.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Фридрих Обойковицті былайғы жұрт жете біле бермеуі мүмкін, ал асүйдің маңайында жүргендердің оған деген ілтипаты ерекше. Шетелде тіпті танымал. Софи Лорен, Фрэнк Синатра, Клаудия Кардинале секілді есімдері төрткүл дүниеге кеңінен таныс тұлғаларға дәмділігі тіл үйіретін тағамдар әзірлегенін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Балаларды қолдау мен қорғауды жетілдіру – міндет
Ресми ақпараттарға қарағанда үстіміздегі жылдың екі айында ғана балаларға қатысты 267 қылмыстық әрекеттер жасалған. Соның ішінде 71-і ауыр және 21 аса ауыр қылмыс.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2018
Қарағандыда қоқыс өңдеу зауыты салынуда
Қаланы да, даланы да басып кеткен қоқыс үйінділері – қоғамдық проблема. Одан құтылудың тиімді жолдары талайдан бері қарастырылып келеді. Қарағандылық «Горкомтранс» ЖШС қазіргі уақытта қоқыс өңдеу зауытын салуда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен шұғылданатын кәсіпорын көп ұзамай өңірдегі ғана емес, республикадағы алғашқы қоқыс өңдеу ұйымына айналатын сыңайлы.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Өнімді терең өңдемей, бәсекеде бәсіміз биіктемейді
Ауыл шаруашылығы адамзатты асырап келе жатыр. Бала кезімізде ата-анамыз нанның қиқымын көрсе жерден алып, маңдайына басушы еді. Адам өмір сүруі үшін оған алдымен тамақ керек, қоғамға қажет экономикалық, әлеуметтік, рухани құндылықтардың барлығы да содан кейін кезегімен келе береді. Ауыл шаруашылығын дамытқанда ғана мемлекетіміздің экономикалық қуаты артады.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Бес бастама барлық жағынан тиімді
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы елдегі негізгі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған нақты бағдарлама болып табылады. Сондай-ақ ол елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нығайтуға жасалған нық қадам саналады. Бастама сонысымен ерекшеленеді.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
«Сарыарқа» магистральды газ құбырының тиімділігі неде?
Мемлекет басшысы биылғы 5 наурыздағы Үндеуінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу жобасын іске асыруды тапсырғаны белгілі. Ол Астана мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жоба «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша жүзеге асатын болады. Осы орайда газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытудың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық мәні аса зор екенін атап өткен жөн.
Бағдарламалар • 26 Наурыз, 2018
Еліміз тәуелсіздігін алып, азаттыққа қол жеткізгелі Елбасының тарихи бастамаларының нәтижесінде дамыған елдердің көшіне ілесіп, ілгері басып келеді. Осынау жылдар ішінде Қазақстанның жеткен жетістігі, бағындырған биіктері дос сүйініп, дұшпан күйінердей. Мұның барлығы жүйелі саясат пен байыпты басқарудың арқасы екені анық.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2018
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Петропавл қаласында 2,4 млрд теңгеге 161 көп қабатты тұрғын үй жөнделді.