
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Атырауда үздік спортшылар марапатталды
Атырауда спортшылар балы өтіп, 18 аталым бойынша облыс үздіктері анықталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Бурабай шипажайының ресми суы таныстырылды
Бурабай шипажайына тынығуға келетін туристер енді курортты аймақтың ресми суын тұтына алады. Емдік қасиеті бар сусынды «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны ұсынып отыр. Жақында өндіріс ошағы «QULAGER BURABAY» деп аталатын судың желісін іске қосты. Кәсіпорын мен облыстық туристік операторлар қауымдастығы арасында келісім жасалды. Енді Бурабай өлкесінің ресми суы туристік нысандардың барлығына жеткізілетін болады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Ақтауда жаңа трансформаторлық зауыт іске қосылды
Ақтау қаласында №6 өндірістік аймақтың №65 ғимараты аумағында электр қалқан жабдықтарын және трансформаторлық қосалқы станцияларды, бетон корпусындағы қосалқы станцияларды және 6–10-35 кВ кернеу класының шкафтық құрылымдарын өндіретін Ақтау трансформаторлық зауыты ашылды. Бұл жоба Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына енгізілген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Түркістан облысында тұмау жағдайлары тіркелмеген
Түркістан облысы бойынша биылғы 11 айда тұрғындар арасындағы оба, құтыру, сібір жарасы, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, сал аурулары тіркелмеген. Сондай-ақ, тұмау ауруының эпидмаусымында ауырғандар жоқ.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Ақтауда зияткерлік мектептер спартакиадасы өтті
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жылды зияткерлік мектептердің дәстүрлі желілік спартакиадасын өткізумен қорытындылады. Атырау, Орал, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларындағы мектептердің қызметкерлерінің басын қосқан сайыс Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды. Құрама командалар футбол, волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен жарысты.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
«Жанұя» балаларды асырап алу орталығы жаңа жыл мерекесін өткізді
Асырап алынған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар Жаңа жыл қарсаңында елеусіз қалмады. «Жанұя» балаларды асырап алу орталығы мен бала асырап алушы ата-аналар бірлесе отырып, Жаңа жыл мерекесін өткізді.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2018
Зеренді ауданындағы Уәли хан бабамызды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өткізілді. Оған солтүстік өңірдің балуандары жиналып, күш сынасты.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Жеке кәсіпкер мұз айдынын салып берді
Ақмола облысындағы Сандықтау ауданының Максимовка селосында хоккей корты ашылды. Хоккей кортының аумағында ауыл тұрғындарына арналған, саябақ, шағын футбол және балалар ойын алаңдары да бар. Нысан жеке кәсіпкердің қаржысына салынып, жергілікті мектептің меншігіне өткізілді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Ұлы даланың руханияты ұлықталды
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың руханияты» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай құнды жәдігерлеріміз жайында мәнді мәліметтер беріліп, үлгілері қойылды.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Әлем чемпионатына Қазақстанның алты шахматшысы қатысуда
Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста Қазақстанның алты өкілі бақ сынауда.