
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018
Танымал тұлғалардың ел алдындағы еңбегі мен ерлігі, ізгі істері келер ұрпаққа өнеге әм мұра болып қалады. Мәселен, ертеде ата-бабаларымыз туып-өскен кең байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында күресуіне, қан төгуіне тура келді. Сондықтан қазақ баласы үшін ата-тегі мен өскен ортаның өткені мен бүгінін білу артық емес. Өйткені кешегісіз бүгін, бүгінсіз болашақ болмасы белгілі. Ұлт жадында заманында батыр, би болған Сартай атамыз ерекше орын алады. Жау жан-жақтан анталаған қиын-қыстау кезеңде 1711 жылы арғы атасы Ақназар ханның оң қолы болып Сауранды билеген Қосқұлақ бидің баласы, атақты Байжан бидің отбасында тұңғыш сәби дүниеге келді. Ол Арал теңізі мен Сыр бойындағы Әлім Шектісінің жақайым руынан шыққан атақты би әрі батыр Сартай Байжанұлы еді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Жымпиты ауылында атты ерттеу және атқа міну мәдениеті тақырыбына жастарға арналған шеберлік сағаты өтті. Ерекше «дәрісті» дәстүрлі әнші, дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, шабандоз Сәлімжан Әубәкіров жүргізген.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Балаларға ғылыми-зерттеу жүргізу қажеттілігі туындап отыр
Алматыда денсаулық сақтау саласындағы клиникалық зерттеулер тақырыбында брифинг өтті. Ғылыми қауымдастық қоғамды алаңдатқан өзекті сауалдарға жауап беріп, отандық медицинаны дамытуда клиникалық зерттеулердің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары күн сайын 100 қоныс тойын атап өтті
Өтіп бара жатқан жылда еліміздің талай тұрғыны үшін қуаныштың үлкені қоныс тойлар болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 2018 жылы күн сайын 100 қоныс тойын атап өтіп отырды. Банк бұл жылды табысты аяқтады деп тұжырым жасауға толық негіз бар. Атап айтқанда, жаңа өнімдердің тұсауы кесілді, 2 мыңға жуық әскери қызметші жеңілдетілген заемге қол жеткізді. Оған қоса бейнебайланыс арқылы кеңес алу, депозитті онлайн-режімде сатып алу мүмкіндіктері көбейді. Қазіргі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің онлайн қызметін пайдаланатындар саны 80 пайыздан асады. Үш жыл бұрын ғана клиенттердің 70 пайызы банкке өз аяғымен келетін-ді.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2018
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның биылғы соңғы жалпы отырысында депутаттар тоғыз мәселені қарады. Оның төртеуі Мәжіліске түскен заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге қатысты болды. Ал жалпы отырыс соңында палата Төрағасы 2018 жылғы жұмыс қорытындыларын жариялады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Сарайшық қорығына республикалық мәртебе берілді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы уақыт тынысын дәл түсініп, санаға сілкініс әкелген жаңалық болды. Елбасы идеясының басты нысаны бұған дейінгі бұлжымас қағидаға айналған отарлаушы ел орнықтырған тұтас түсінікті төңкеріп тастап, ұлттың төл бозжусан болмысымен қайыра қауышуы.
Тарих • 27 Желтоқсан, 2018
Ұлы Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын барша қазақстандықтар сияқты отырарлықтар да зор ықыласпен қабылдады. Елбасының бұл мақаласы біз мекендеген Ұлы даланың, біздің ата-бабаларымыздың дүние жүзі өркениетінің дамуына зор үлес қосқанын, оның тарихта алатын орнының ерекше екендігін жан-жақты дәлелдеп берді.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Павлодарда «Рухани жаңғыру» аясында 178 жоба іске асырылды
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған мақсаттарын орындау үшін өңірде облыстық, қалалық және аудандық білім беру бөлімдері, оқушылар, студенттері, білім беру, тілдерді, мәдениетті дамыту, ішкі саясат басқармалары, жергілікті Ассамблея, мәдени орталықтар, музейлер белсене қатысуда.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018
Кәсіптік білім – жастарды жұмылдыратын сала
Парламент Сенатында Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында белгіленген міндеттер аясында кәсіби білім беру сапасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.