Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90811 материал табылды

Өнер • 30 Қараша, 2018

«Мың бала» жеңімпаздары марапатталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, этноағарту кешенде­рі­нің әдіс­керлері және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. 

Саясат • 30 Қараша, 2018

Смағұл Елубай: Тарихнамада есесі кеткен ел едік

Біз бір нәрсеге таңғалатынбыз. Бір тарихи озбырлыққа таңғала­тынбыз. Еңку, еңку жер шалған, егеулі найза қолға алған кешегі ата-бабаларымыз Еуразия кеңістігінде өшпес із қалдырған. Алайда Жер Ана бетін әжімдеп сайрап жатқан сол іздерге деген өшпенділік те болғанын сезетінбіз. Өшпенділік болатыны – ол заман халықтар бір-бірін қан қақсатқан заман еді. 

Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Оралда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Орал қаласында биыл су жаңа 35 автобус қоғамдық жолаушы тасымалы қызметіне қосылды. Президент күні қарсаңында «Уралтехсервис» ЖШС №20 маршрут жүйесіндегі 15 көлікті «Вектор» маркілі автобустармен ауыстырды.

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды

Кеше Б.Имашевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Отырыста 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөнін­дегі ұсынымдарды бекіту және Шымкент қаласы аудан­дарының аумақтық сайлау комиссияларын құру мәселелері қаралды.

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Әр баланың өз несібесі бар

Елбасымен суретке түскен кішкентай Нұржан Мурсалимов қазір ержетті. Ол облыс орталығындағы №19 мектептің 11 сыныбында оқиды. Былтыр үлгілі тәртібімен, үздік оқығанымен, белсенді ұйымдастырушылық қабілетімен танылған жасөспірім мектеп президенті атаныпты. 

Білім • 30 Қараша, 2018

Стипендияны қанша адам алатыны анықталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүл­шара Әбді­қалықова­ның төраға­лы­ғы­мен Шетелде кадрлар даярлау жө­нін­дегі рес­пуб­ликалық комиссия­ның отырысы өтті.

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер

Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмыс­бас­тылықты дамыту мәсе­лелері Астанадағы «Ең­бек нарығының келе­шегі: жаңа мүмкін­діктер» атты форумда талқыланды. Ша­ра­ны «Шетелдік кеңес­ші­лердің қазақстан­дық кеңесі» қауым­дас­тығымен бірлесе Еңбек және халық­ты әлеу­меттік қор­ғау ми­нистрлігі ұйымдас­тырды. 

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Асқар Жұмағалиев «Цифрлы Қазақстан» бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

«Цин-Каз» – 20 жылда өрісі кеңейген өндіріс

Бүгінгі таңдағы әлемдік қаржы қиындығына қа­ра­мастан, кәсіпкерлік саласы еліміздегі экономика көр­сеткішін анықтайтын, серпінді әрі қарқынды дамып келе жатқан басты арналарының бірі болып отыр. Осындай қарқынды дамып келе жатқан табысты компаниялардың қатарында өзінің мәртебелі орнын иеленіп отырған «Цин-Каз» ЖШС-нің жетістігін мақтанышпен айтуға болады.

Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Еліміз бойынша үш жоғары технологиялық компрессорлық станса іске қосылды

Сексеуіл стансасына тағы келдік. Қызылорда облысының Ақтөбе облысымен шектесетін ең соңғы иінінде отырған атақты станса соңғы уақытта үлкен оқиғалардың куәсіне айналды. Сонау Бейнеуден тұтанған көгілдір отын Бозойды басып өтіп, тап осы Сексеуілдегі Арал компрессорлық стансасынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таралмақ. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Арал» компрессорлық стансасын, сондай-ақ  «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінде №5 және №7 компрессорлық стансаларын іске қосты.