
Әлем • 04 Шілде, 2019
Руханият • 04 Шілде, 2019
Түлектердің бітіру кеші – бұл білім ордасы тарихына енетін негізгі әрі қуанышты оқиға. Сол себептен де әр білім алушының жұлдызды сәттерінің бірі – осы кеш.
Аймақтар • 04 Шілде, 2019
Мемлекеттік қызметшілер жарысы өтті
Қазір бір Өскеменнің өзінде мемлекеттік қызметте мыңға тарта адам бар. Олардың дені жастар. Қазақстанның жаңа Президенті Қ.Тоқаев жастық жігерлері жалындаған жастарға ерекше үміт артатынын, оларды мемлекеттік қызметке батыл тартатынын айтқаны белгілі. Ал жастар жүрген жер думанға толы, әсіресе спортқа көңіл бөліп, шымыр да сергек болатынын дәлелдеуде.
Әдебиет • 04 Шілде, 2019
– Әкең келе жатыр! Өн бойымда бір діріл жүгіріп өтті. Ойынның қызығына түскен мен манадан бері шешемнің әлденеше рет шақырғанын елемей тұрған едім. Осы бір ауыз сөз қырсықтығымды да, аздаған еркінсуімді де, еркелігімді де сап тыйған. Үйге лып етіп кірдім. Іле-шала сыртқа шығып, қолыма күрек ұстап қораны тазалай бастадым.
Әдебиет • 04 Шілде, 2019
Абай өлеңдері испан тіліне аударылмақ
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық «Еуразия астаналарының қаламгерлері» форумына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Әдебиет • 04 Шілде, 2019
Оған шығарма жазу үшін үш нәрсе қажет. Түн, тыныштық және шам. Осы аталғандардың ішінде тым құрығанда біреуі кемшін болса, қауырсын қаламы жүрісінен жаңылады. Сия сарқып, қағаз умаждайды. Құйрығын тоздырып, жүйкесін жұқартады. Ақыттың әңгіме жазып, шығармашылықтың тұла бойынан ләззат алмағанына бүгін алты айға толды. Осыншама уақытты құр өткізіп, көкейіне қошқыл түн құйған қазынасын ақтарып салмағанына қатты қынжылушы еді, алайда бүгін сол олқылықтың орнын толтырып, жыртығын жамаудың сәті оңынан туған секілді.
Әдебиет • 04 Шілде, 2019
«И» мен «У»-дан дауысты жасауға неге үйірміз?
Қазақ тілі алфавитін латын әрпіне көшірудің саяси, халықаралық тұрғыдағы маңыздылығынан гөрі ана тіліміздің тіл ретінде қолданылу, оқытылу, зерттелу маңыздылығындағы алатын орны ерекше. Алфавитті қанша өзгертсе де, тілдің даму деңгейі, сөздік қорының молаю қарқыны төмендемейді. Алфавит қанша өзгерсе де, алдыңғысында жазылған қажетті дүниелер кейінгісі арқылы да оқылып, қоғамға тиімділігін жоймайды.
Экономика • 04 Шілде, 2019
Кешегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Руханият • 04 Шілде, 2019
3 шілде күні елордада екі кітап қалың оқырманға таныстырылды. Біріншісі – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері, белгілі ғалым Мұрат Лаумулиннің «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» кітабы. Монография алғаш рет қазақ тілінде басылып шықты.
Экономика • 04 Шілде, 2019
1,4 млн адамға атаулы көмек көрсетілді
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жасалған жұмыстардың есебін қорытындылап, министрліктің алға қойған жоспарларын жеткізді.