Өнер • 10 Ақпан, 2022
Еділ мен Жайық... Қазақ елі өбектей сүйген ырысты қос өзеннің көктей ағып өтер өлкесінде туып-өскен Жұбан ақынның да, Илья композитордың да ұлы дарияларға деген іңкәрлігі мен махаббаты ерекше болғаны даусыз. Ал ондай шексіз махаббат жаман ән тудырмаса керек-ті.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
Академик Серік Қирабаевтың ғылымдағы қайраткерлігі мен қажыры қандай қарымды болса, өмірдегі ақсүйек болмысы мен адамдық қасиеті де бойындағы тектілігімен тамаша қабысып жататын. Бүгінде өткен шақтың еншісіне бұйырған ол естеліктер жылдар алға жылжыған сайын құндылығын арттырып, тағылымымен әлі де талай буынның таным көкжиегін кеңейтуге қызмет етері хақ.
Театр • 13 Қаңтар, 2022
Соңғы уақытта елде белең алған қиын жағдайлар, қайғылы оқиғалардың жүрекке салған ізі театр сахнасына жол тартқан қойылымдарда да жиі айтылып, көрерменіне ой салып жүр. Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы өткен жылдың жылжабар өнер жаңалығы болған Айвонн Менчеллдің «Күзгі іңір» («Сен маған керексің...») спектаклінің премьерасы адам жанының нәзік те күрделі әлемінің қатпарына үңіліп, жұмбағын шешуге арналыпты.
Өнер • 31 Желтоқсан, 2021
Өнер әлемі үшін өнегелі өрнектелген өткен жыл келер жылға да тамаша тартулары мен жақсы жаңалықтарын қалдырып бара жатыр. Тәуелсіздік тойымен түйінделген сыйға толы өткен жылдың жетістігін 2022 жылы да табысты жалғайтындығына сенім мол.
Театр • 21 Желтоқсан, 2021
Ел тәуелсіздігімен қатар келген Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында астана төрінде үш күн қатарынан «Алтайдан ауған ел» қойылымының премьерасы өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтарын елең еткізген айтулы өнер оқиғасы – «қаллекиліктердің» ұлық мейрамға жасаған үлкен тартуы.
Театр • 21 Желтоқсан, 2021
«Қылкөпір» – адамзат трагедиясы
Тәуелсіздік тұсауын кескен елорданың жас та жасампаз өнер ордаларының бірі Жастар театры сахнасында ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалиннің «Қарақазан ғасыр» драмалық дастанының негізінде режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай қойған «Қылкөпір» спектаклінің тұсауы кесілді. Премьера ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Өнер • 23 Қараша, 2021
«Жас қазақ»! Ән өнерінің жауһары саналатын бұл туындының даңқы ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, туу тарихы соншалықты мұңды. Ал майдан даласынан халық ортасына жету тағдыры жүрек тебірентерлік.
Өнер • 21 Қараша, 2021
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты.
Театр • 18 Қараша, 2021
Еліміздегі сәні мен салтанаты келіскен өнер ордаларының бірі – «Астана Опера» театрының репертуар қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықпақ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3-4 желтоқсан күндері «Астана Опера» сахнасында Кәукен Кенжетаевтың либреттосына жазылған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» батырлық операсының тұсауы кесіледі. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен дайындалған спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Юрий Александров.
Театр • 15 Қараша, 2021
Ақтау театры сапарын Тәуелсіздікке арнады
Қарт Каспийдің жағалауынан жеткен өнер көші астана халқына тамаша тарту жасады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 9-12 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» сахнасында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының гастролі өтті.