Banner
Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
550 материал табылды

Өнер • Кеше

Қазақ сахнасындағы француз туындысы

Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.

Тағзым • 17 Ақпан, 2026

Қазақы болмыстың қоңыр үні

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйы­мының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.

Өнер • 14 Ақпан, 2026

«Париждегі екі әйел»

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында 14–15 ақпан күндері Оңтүстік Корея, Ресей мен Қазақстан театрларының бірлескен жобасы – «Париждегі екі әйел» драмасы көрерменін қуантады.

Мәдениет • 09 Ақпан, 2026

Қатар төріндегі қазақ рухы

Қатар мемлекетінде өткен Қазақстанның мәдениет күндері елдің бай рухани мұрасы мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде кеңінен таныстырды. Доха қаласындағы Дарб Аль-Саги мәдени-тарихи орталығы қазақ мәдениетінің шынайы ордасына айналып, жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 09 Ақпан, 2026

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде қойылады

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында 20 ақпан күні көрерменді ерекше музыкалық һәм психологиялық саяхатқа жетелейтін тарихи оқиға – француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасының қазақ тіліндегі тұсаукесері өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Жансарай • 06 Ақпан, 2026

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі: Опера – уақыт пен төзімді талап ететін өнер

Сахнадағы биік үн, өмірдегі қазақы болмыс. Дәл осы теңеу «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар ҒАБДУЛЛИНАНЫҢ табиғатын тап басып бейнелейді. Әншінің әдемі әлеміне бойлаған сайын бір-біріне қабыспайтын қай­шы­лықты тал бойына тамаша үйлестіре білген талантына тәнті бола­сың. Ол үшін өнерде шекара жоқ, шексіздік бар. Сондықтан да Жұпар салған әннің сазы санаңа сілкініс, жаныңа тазару сыйлайды. Үні қандай сұлу болса, әңгі­ме­сі де дәл сондай әсерлі әнші газетіміздің оқырмандарына жансарайын ашты.

Театр • 04 Ақпан, 2026

Заманауи технология театрға да жетті

Цифрландыру дәуірі өмірдің барлық саласына дендеп еніп келеді. Бұл үдеріс дәстүрлі өнер ордалары – театр сахнасын да айналып өткен жоқ. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы өзгерістердің жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асып жатқанын айқын аңғартады.

Өнер • 03 Ақпан, 2026

Фортепиано музыкасының кеші

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында фортепиано музы­касының кеші өтті. Кешті аталған ұйымның Қазақ мемле­кеттік симфониялық оркестрі ұйымдастырып, көрерменге әлемдік классикалық музыканың үздік үлгілерін ұсынды.

Өнер • 29 Қаңтар, 2026

Димаштың ерекше бастамасы

Биыл 5 ақпанда Қытайдың беделді «Hunan TV» телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба – «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының ресми премьерасы өтеді.

Тағзым • 28 Қаңтар, 2026

Күмбірлеген ғасырлар пернесі

Алматы төрінде қазақ ұлттық кәсіби музы­ка­сының негізін қалаған тұлға, композитор, дирижер әрі ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арнал­ған «Ғасырлар пернесі» ат­ты тағылымды кон­церт өтті. Мерей­тойлық кешті Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық халық ас­пап­тар оркестрі ұйым­дас­тырып, көрерменді ұлттық өнердің терең тамырына жетеледі.

Яндекс.Метрика