Өнер • 27 Қаңтар, 2026
Еуропаның мәдени астаналарының бірі – Вена қаласында өткен «Түркі апталығы» түркі дүниесінің рухани байлығы мен өнердегі тұтастығын айшықтаған тағылымды мерекеге айналды. Айтулы мәдени шара аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, ұлтымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазынасын әлем жұртшылығына танытты.
Театр • 27 Қаңтар, 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұңғыш рет Сингапур еліне гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы Сингапур ұлттық университетінің (NUS) мәдениет орталығында өнер көрсетті.
Мәдениет • 23 Қаңтар, 2026
Астанада ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелері талқыланды
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2026
Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады
Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.
Өнер • 23 Қаңтар, 2026
Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.
Өнер • 22 Қаңтар, 2026
Алматыда 350-ден астам сирек кітап көрмеге қойылды
Алматыдағы Ұлттық академиялық кітапханада биыл мерейтойлары аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әдебиет пен өнер саласында өшпес із қалдырған 16 көрнекті тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолына арналған ауқымды көрме өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 20 Қаңтар, 2026
«Қыз Жібек» – «Астана Балет» сахнасында
Өткен жыл «Астана Балет» театрының шығармашылық бағыты айқындалып, ұжымның ұлттық әрі халықаралық сахнадағы беделі нығая түскенін көрсетті. Театр классикалық дәстүр мен заманауи ізденісті сәтті ұштастырып, көрерменге балет өнерінің кең тынысын, эстетикалық тереңдігін ұсынды. Осы табысты жол биыл да жалғасын тауып, жаңа премьера, ауқымды гастрольдік сапарлар һәм жарқын мәдени жобалармен толыға түспек.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2026
Нүкетай Мышбаева: Ұлт театрының рухани байлығы таусылмайды
Театр – өткеннің үнін өшірмей, бүгінге аманат етіп жеткізетін рухани шежіре. Сол шежіренің бір ғасырлық жүгін арқалап келе жатқан киелі орда – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры. Бұл сахнада талай тағдыр тоғысып, сан ұрпақтың рухы тәрбиеленді. Біртуар тұлғалардың қайталанбас ізі қалды. Қасиетті қарашаңырақ рухын өз өмірімен өрнектеген сондай сахна саңлағының бірі – Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева. Биыл кәсіби қазақ театрының құрылғанына 100 жыл толса, «әкемтеатрдың» анасы Нүкетай Мышбаеваның 90 жылдық мерейтойы. Бұл – жай ғана даталардың тоғысуы емес, өнер мен тағдырдың, жеке тұлға мен ұлттық сахнаның тарихи үйлесімі. Өйткені актрисаның өнер жолы – ғасыр жасаған ұлттық сахнаның тарихымен бірге тыныстаған тағдыр, бірін-бірі толықтырған өнер мен тағдырдың мерейлі межесі десек, титтей де артық айтқандығымыз емес. Атаулы мерейтойлар қарсаңында өнерінің өнегесі мен театрдың тағылымды тарихын тереңнен толғаған актриса жансарайын ашып, өткен күндер естелігін бөлісті.
Өнер • 16 Қаңтар, 2026
Кейде адамның тағдырын бір ғана сәт шешеді. Бір қимыл, бір ишара, бір сәттік батылдық. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәкіл Құланбаевтың өмірінде сондай шешуші мезет – «ұшып жүрген шыбынды ұстау» сәті еді. Сол бір көзге көрінбес қимыл қазақ театр өнеріне өлмейтін өмір, өшпейтін есім сыйлады.
Театр • 16 Қаңтар, 2026
«Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық қойылымы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында «Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті. Айтулы шара – ұлт руханиятының қалыптасу жолына, кәсіби қазақ театрының тарихына тағзым еткен маңызды мәдени оқиға болды.