Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
544 материал табылды

Өнер • 10 Желтоқсан, 2025

Қазақ музыкасының жаһандық қуаты

Әлем музыкасында Димаш Құдайберген есімі ерекше құрмет­пен айтылады. Оның дауысы – құбылыс, шығармашылығы – қайталанбас ізденіс, сахнадағы әрбір сәті – тыңдарманға рухани күш сыйлайтын өнер мерекесі. 2025 жыл Димаштың жанкүйерлері үшін тарихи кезең болды. «Stranger World Tour» тек концерттік сапар ғана емес, қазақ өнерінің жаһан сахнасындағы абыройы мен беделіне айналды. Күні кеше ғана Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) тарапынан Жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесіне иеленгені және бар.

Театр • 10 Желтоқсан, 2025

Көпке қойылған көркем сауал

Қуыршақтар жансыз дүние деп кім айтты? Олар кейде адам жүрегінің айқайын, жанның ең терең тылсымын, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын күйзелісті де әйгілеуге қауқарлы. Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры көрерменге дәл осындай рухани салмағы зор, ой тереңіне жетелейтін ерекше қойылым – «Мен кіммін?» спектаклінің премьерасын ұсынды.

Театр • 09 Желтоқсан, 2025

Мюзикл әлеміне саяхат

«Astana Musical» мемлекеттік театры оныншы мерейтойлық маусымын атап өтті. Айтулы өнер оқиғасына орай көрерменге арнайы дайындалған «Мюзикл әлеміне саяхат» атты мерекелік бағдарлама ұсынды.

Театр • 03 Желтоқсан, 2025

Жаңалығы жетерлік «ROMEO & JULIET»

«Бұл дүниеде Ромео мен Жульетта туралы хикаядан асқан мұңды повесть жоқ» дейді көне заманнан жеткен әйгілі сөз. Осы бір мәңгілік махаббат туралы аңыз ғасырлар өтсе де, өз мәнін жоймай, көрермен жүрегін тербеп келеді. Уақытқа бағынбайтын әйгілі трагедия жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында жаңаша өріліп, өзгеше бояуда көрерменін қуантты.

Мәдениет • 30 Қараша, 2025

«Ұлы Жібек Жолы» балеті көрермен қошеметіне бөленді

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көпшілік асыға күткен «Ұлы Жібек Жолы» атты екі бөлімді балеттің салтанатты премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 30 Қараша, 2025

Әншінің сыр сандығы ашылды

Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен залы сахнасында дәстүрлі әнші, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі, профессор Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Сыр сандық» атты салтанатты кеш өтті, деп жазады Egemen.kz. 

Мәдениет • 28 Қараша, 2025

«Әміре» сахнаға шығады

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2025 жылдың 2 желтоқсанында Қ.Жүнісовтің «Әміре» музыкалық драмасының премьерасын ұсынады. Айтулы қойылым қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың Париждегі дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесінде өнер көрсеткеніне 100 жыл толуына арналған, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 28 Қараша, 2025

Дәстүр мен технологияны тоғыстырған сән өнері

Әйгілі академик Әлкей Марғұланның «Қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» деген пайымын байыптасақ, еліміз үшін ұлттық ерекшелік қашанда басты орында екені айқындала түседі.

Руханият • 26 Қараша, 2025

Сахнадағы тың тәжірибе

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен қауымға жаңа маусымда ерекше мәнге ие, гуманистік қуаты зор қойылым ұсынды. Уильям Гибсонның әйгілі пьесасы негізінде қойылған «Сотворившая чудо, или Что такое любовь» музыкалық драмасы – адам ерік-жігерінің шексіздігін, ұстаз бен шәкірт арасындағы нәзік рухани байланысты терең зерттейтін биік өнер туындысы.

Руханият • 21 Қараша, 2025

«ROMEO & JULIET» алғаш рет синема-эпос форматында қойылады

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 25–26 қараша күндері Уильям Шекспирдің «Romeo & Juliet» спектаклінің жаңа нұсқасының премьерасын ұсынады. Қойылым алғаш рет синема-эпос жанрында көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика