Өнер • 27 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет», деген тұжырымы, шын мәнінде, ойлы оқырманның қай-қайсысының да санасына сәуле құяры хақ. Соның айқын айғағы болса керек, «Астана Опера» театрында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбіловтің қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы зор табыспен өтті.
Өнер • 23 Қараша, 2024
«Тұрақты еңбек – өнердің де, өмірдің де заңы» деген О.Бальзактың әйгілі сөзі дәл осы «Наз» мемлекеттік би театрына қаратылып айтылғандай. Осыдан ширек ғасыр бұрын Астана қалалық филармониясының жанынан 4 биші қыздан шағын ансамбль ретінде құрылған айтулы өнер ордасы тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасында бүгінде 130-дан аса қызметкері бар қазақ театр тарихындағы тұңғыш әрі өз кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан ұлттық би театрына айналып отыр.
Өнер • 21 Қараша, 2024
Қазақ ұлттық хореография академиясында «Temps lié» III кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалі өтті. Айтулы мәдени оқиға халықаралық аренада балет өнерін дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ әртүрлі елдердің хореографиялық мектептері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Руханият • 06 Қараша, 2024
Төр қаланы думанға бөлеген «Театр аll» III халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі өнер мерекесі Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналды.
Сұхбат • 05 Қараша, 2024
Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді
– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
Руханият • 02 Қараша, 2024
Жазушының шығармашылық зертханасы
Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Өнер • 29 Қазан, 2024
Елорда төріндегі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Республика күніне арналған «Күн дидарлы Қазақстан» атты концерті көрерменнің қошеметіне бөленді. Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен өткен өнер кеші көркемдік деңгейінің жоғарылығымен де көңілге құрмет орнықтырды.
Өнер • 16 Қазан, 2024
«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл». «Астана Опера» театры сахнасында дәл осындай атаумен өткен керемет концерт тыңдарман үшін атағы жаһанға жеткен әншінің сахнадағы ширек ғасырдан астам өмірінің өнер өрімдерін көрсеткен тамаша тарту болды.
Қоғам • 15 Қазан, 2024
Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас болуы керек. «Егеменнің» есігінің алдынан жарқырай күліп, жадырай сөйлеп келе жатқан Жылқыбай ағаны кездестіріп қалдық. Ерекше көңілді екен. Әдеттегіше ағалық қамқор көңілімен Қарқаралының хабары мен ата-ана амандығын біліп, хал-жағдай сұрап, бәйек болды. Біз де ағаны зейнетке шыққаннан кейінгі көргеніміз осы болғандықтан қуанып, жақсымен жүздесуден соң бір жасап қалған едік. Аға сонда алдағы жылдың күзінде 70 жасқа толатынын, мерейтойына орай бірнеше кітабының тұсауы кесілетінін айтып, сүйінші жаңалығымен бөліскен-тін...
Өнер • 09 Қазан, 2024
«Астана Опера» сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұсынылған Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасы өткен аптаның ғана емес, жалпы театрдағы жаңа маусымның ең жарқын оқиғаларының бірі болғаны анық. Айтулы шығарма классикалық барокко музыкасын, бірегей заманауи режиссерлік тұжырымдаманы һәм отандық опера шеберлерінің кәсіби кемелдігін бір арнаға тоғыстырған айтулы оқиғаға айналды.