ара
Спорт • Бүгін, 11:20
Премьер-лига: Италияда каратэші Софья Берульцева алтыннан алқа тақты
Италияның бас шаһары Римде WKF каратэден 2026 жылғы екінші Премьер-лига додасы аяқталды. Беделді жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • Бүгін, 10:37
Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ербол Хамитов қос жүлдені ел қоржынына салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз таңдауын жасады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараздағы №35 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: Қатысушылар қандай тақырыптарды талқылады?
Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. 09:00-де басталған іс-шараның алғашқы сағаттарында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, инновациялық жобалар таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді
Өскеменнің тұрғыны, әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Қарағанды облысында мотобайкерлер де таңдау жасады
Елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға қоғамның түрлі саласының өкілдері белсенді қатысып жатыр. Солардың қатарында мотоспортты серік еткен азаматтар да бар. Chingizkhan мото-клубы мүшелері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған
Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары, миссия басшысы Олег Копылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр
Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас Оглу Аскеровтің айтуынша, миссия Қазақстанда үшінші күн жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді
Балқаш қаласының 99 жастағы ардақты анасы Кәмпит Төлендинова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Кәмпит әже Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы №204 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 13 Наурыз, 2026
Көкарал бөгеті жаңғыртылады: Солтүстік Аралды сақтаудың жаңа кезеңі басталмақ
Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жоба Көкарал бөгетін реконструкциялауды және Арал-Сырдария бассейніндегі ирригация жүйелерін жаңартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы чемпионатқа елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас балуан қатысып отыр. Бұл доданың маңызы ерекше – жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын негізгі үміткерлер қатарына қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді
Парижде өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммит әлем елдерінің атом саласындағы әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге арналды. Жиын аясында Қазақстан делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, салалық ықпалдастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Эдуард Полетаев: Білім мен адам капиталы – елдің стратегиялық қоры
Қазақстанның жаңа Конституциялық жобасында азаматтардың интеллектуалды әлеуеті басты ресурс ретінде көрсетілген. Бұл туралы «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында өткен жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Талғат Қалиев: Жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттырады
Қазақстандағы жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев 11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды
АҚШ пен Иранның он күннен бері жалғасып жатқан соғыста 150-ге жуық америкалық әскери жараланған. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Бұған дейін Пентагон тек 8 адам ауыр жарақат алғанын ғана ресми түрде жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 11 Наурыз, 2026
Қалалар мен өңірлерде ашылған әскери-патриоттық клубтардың еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеу ісіне қосар үлесі зор. Бұл – Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы. «Айбын» халықаралық жиыны, Шекара қызметінің қамқорлығындағы «Жас шекарашы» сияқты мамандандырылған сыныптар мен клубтар осының айқын айғағы. ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданындағы шекара басқармасында өткен «Ашық есік күніне» Алматы қаласындағы осындай клубтардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Өтемдік тариф: Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілді
Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық қызметтер үшін 3,1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады. Аталған қаржыны табиғи монополия субъектілері тариф арқылы жинағанымен, жоспарланған жұмыстар мен шығындарға толық пайдаланылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 06 Наурыз, 2026
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғалым әйелдерге арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 06 Наурыз, 2026
Бүгін қысқы Паралимпиада ойындары басталады
2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтеді. Бүгін басталатын байрақты бәсеке 16 наурызда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды. Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 04 Наурыз, 2026
Көкшетауда жылына 300 мың тонна өсімдік майы өндірілмек
«Содружество Қазақстан» серіктестігі Ақмола облысында күнбағыс, рапс, соя және зығыр тұқымдарын терең өңдейтін жоғары технологиялық кәсіпорын құруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты
Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Наурыз, 2026
Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды
Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны зақымданды. Бұл туралы Иранның мәдени мұра министрі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 03 Наурыз, 2026
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді
Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде шахматшы Бибісара Асаубаева үш сатыға жоғарылап, әлемнің үздік он ойыншысы қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 03 Наурыз, 2026
Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады
Алматыда қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығын сатуға шығармақ. Аталған нысанды мемлекетке бұған дейін Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.