Атырау облыстық спорттық және дәстүрлі каратэ федерациясының мәліметіне сүйенсек, 45-54 жастағы ардагерлер арасындағы дода шотокан каратэнің «Шобу Ипон» бағдарламасымен өткен.
«Әлем чемпионаты 22-26 сәуірде Ыстамбұл қаласында өтті. Бұл сайыста Атырау спортшысы Марат Мурзиев үш жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесуде Англия елінің өкілін 2:0 есебімен жеңді. Кейін Түркия спортшысын ұтты. Финалда Кот-д’Ивуар елінен қатысқан қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл нәтиже – жоғары дайындық деңгейі мен спорттық тәжірибенің айқын дәлелі», деп хабарлады аталған федерациядан.
Марат Мурзиев еңбек жолын 2003 жылы Атырау облыстық табиғат қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Премьер-лига: Италияда каратэші Софья Берульцева алтыннан алқа тақты
Кейін Батыс Қазақстан және Атырау облысының әкімдігінде түрлі лауазымды атқарды. 2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылы Құрманғазы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ал 2023 жылғы 28 сәуірден бері Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.