Оқиға • Кеше

Павлодар облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті

1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының Ақсу қаласында екі жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті

Оқиға 11 маусым күні болған. 2023 жылы туған бүлдіршін ауыр жарақат алып, жедел түрде Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Дәрігерлер алғашқы медициналық көмекті көрсеткеннен кейін баланы Павлодар облыстық балалар ауруханасына тасымалдау туралы шешім қабылдады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы диагностикалық тексерулерден кейін нақтыланады. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның денсаулық жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Павлодарда бес жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 8 жастағы бала түзету орталығының терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар