Ту
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасында өтпелі ережелер нақтыланды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Ата заң жобасына енгізілген қосымша нормалар таныстырылды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 11 Ақпан, 2026
Ассамблея жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Серік Егізбаев: Жаңа Конституция қоғам сұранысына жауап береді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты көзқарасын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
Тау-кен металлургия кешені Конституцияны жаңартуды қолдайды
Елдегі Конституциялық реформа және оның әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Геология, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында кеңінен талқыланды. Сала өкілдері ұсынылып отырған өзгерістерді қолдап, бизнестің ортақ ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Ақпан, 2026
«Ауыл» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын қолдады
2026 жылғы 10 ақпанда Қарағанды облысында «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды. Бұл туралы облыс мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты жазылады
Жаңа Конституцияның күшіне ену тәртібі мен өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері нақты әрі біржақты жазылуы керек. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Депутаттар саяси үдерістің үздіксіздігін сақтау үшін құқықтық айқындықтың шешуші мәні бар екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Артур Ластаев: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді
Жаңа Конституция жобасында тұрғын үйге қатысты құқықтарды конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сот шешімінсіз азаматты тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол бермеу қағидатын Ата заңда нақты бекіту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Президент: Тозығы жеткен теміржол инфрақұрылымы әлі де көп
Бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы қорытынды сөзінде жаңа экономикалық үлгіге көшу барысында көлік логистикасын дамытуға жете мән беру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жаңа Конституция жобасына қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп, елде жүріп жатқан саяси жаңғырудың мәні мен бағытына тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанның өтпелі кезеңге аяқ басқанын, ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2026
Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады
Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған қала жастарының қатысуымен интеллектуалды Meet-up өтті. Кездесу Мәжіліс депутаттарын, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерін, сарапшыларды және жас белсенділерді біріктіріп, жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы интерактивті форматта ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: Жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының тілегімен үндеседі
Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Комиссияның 10-шы отырысында Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ата заң жобасы қоғамның сұранысын, әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді ықпалын ескере отырып әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 09 Ақпан, 2026
Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттар, сарапшылар және аналитикалық қоғамдастық өкілдерінің басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – жаңа Конституция жобасын талқылау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Жаңа Конституция жобасында аға буынның мүддесіне тікелей қатысты маңызды нормалар қарастырылған. Осыны атап өткен Қазақстан ардагерлер ұйымы әзірленген Ата заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Еліміздің жаңа Конституциясы жобасына азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары негізінде бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, таныстырды. Ұсыныстардың ішінде волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту бастамасы қолдау тапты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Индира Әубәкірова: Жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2,3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Синоптиктердің болжамынша, 10-12 ақпан аралығында елдің басым бөлігінде боран соғып, жауын-шашын молаяды. Ал ауа температурасы кей өңірлерде -30 градусқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Ақпан, 2026
Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды
Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Бүгін Астана қаласында Ұлттық волонтерлік желі «Жаңа Конституция жобасын талқылау және қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлік ұйымдардың өкілдері, өңірлік волонтерлік фронт-офистер мен бастамашыл топтар, сондай-ақ серіктестер офлайн және онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Ақпан, 2026
Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға азайған
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде туберкулез жұқтыру деңгейі 10%-ға төмендеген. Былтырғы көрсеткіштерге зер салсақ, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер біршама жақсарыпты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Ақпан, 2026
Оқушы сыныптасына балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Құлсары қаласындағы №6 Пушкин атындағы мектептің директоры өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 08 Ақпан, 2026
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында жаңа Конституция жобасын ғылыми қауымдастықпен сараптамалық талқылауға арналған «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата Заң жобасын талқылау ашық және сындарлы түрде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.