ек
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
«Ашық аспан-2024»: Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Қазақстан мен Өзбекстан 10-14 қыркүйек аралығында «Ашық аспан-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
Құны 500 млн теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Жыл басынан бері СҚО прокуратурасы мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2024
Елімізде мұнай және табиғи газдың орасан үлкен кен орындары ашылатындығы күмәнсіз - ардагер мұнайшы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне - 125 жыл. Жуырда Премьер-Министр Олжас Бектенов мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесі үшін еңбегімен ерекше көзге түскен мұнай-газ кешенінің 40 қызметкеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті. Солардың қатарында IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған ардагер мұнайшы Келтір Шаненов те бар. Қазақ мұнайының 125 жылдығы аясында Келтір ағамызды әңгімеге тартқан едік.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Жетісу ауданында ірі өрттен бір жасар бала қаза тапты
Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранған. Өрт салдарынан 2023 жылы туған сәби қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақ спортшысы теңге ілуден жеңімпаз атанды
5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында теңге ілудің «Бес белес» стилінен қазақ спортшысы Бекнұр Серіков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2024
Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр
Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2024
Бүгін қазақ киносының күні тойланып жатыр
Бүгін, 12 қыркүйек - қазақ киносының күні. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Дәстүрлі садақ атудан екі отандасымыз жүлделі болды
Дәстүрлі садақ атудан «Жамбы» нысанасы бойынша Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2024
Садыр Жапаров Олимпиадада қырғыз боксшысына көмектескен өзбек бапкеріне көлік сыйлады
26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен жазғы олимпиадада шынайы эмоцияғы толы оқиғалар көп болды. Соның бірі өзбекстандық ассистент бапкер Акмал Хасановтың жетелеуімен қырғыз боксшысы Мунарбек Сейтбектің финалға шығуы, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындары: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды
Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары бел ортасына жетті. 11 қыркүйек күні ел спортшылары 9 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Үкімет басшысы РФ Новгород облысының губернаторымен бірқатар мәселелерді талқылады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 10 Қыркүйек, 2024
Мектеп гимназияның есепшотынан қомақты қаржы жымқырған бас есепші сотталды
Алматыдағы мектеп гимназияның бірінің бас есепшісі 23 миллион теңгені жымқырғаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауын іске асыру: Іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот Төрағасы Түркия Сот төрелігі академиясының президентімен кездесті
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркия Сот төрелігі академиясының президенті Мухиттин Өздемирмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024
Ербол Мырзабосынов: Жастар – әрбір мемлекеттің басты активі
Елордада Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт мәселелеріне жауапты министрлерінің 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2024
Колледж түлектерінің 79 пайызы жұмыспен қамтылған
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 10 Қыркүйек, 2024
Бүгін отандастарымыз 8 спорт түрінен жүлдеге таласады
Туризм және спорт министрлігі V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында 10 қыркүйек күні аламанға шығатын ел спортшыларының жарыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2024
Елімізде медициналық көмектің бірыңғай пакеті әзірленеді
Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында бюджет міндеттемелері мен мүмкіндіктері тұрғысынан сәйкестендірілген базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін құруды тапсырды. «Одан асып кеткен қаржы сақтандыру жүйесі арқылы төленуі керек», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осыған орай пакет жобасы бүгін денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен аппарат отырысында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2024
Қазақстанда қай өңірде көп неке қиылады?
2024 жылдың сегіз айында Қазақстанда 43 мың неке қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Ел спортшылары аударыспақтан тағы екі алтын медаль еншіледі
Елордада өтіп жатқан көшпелілер ойындарында ел спортшылары аударыспақтан тағы 2 алтын медаль олжалады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2024
Маңғыстауда білім бөлімінің қызметкері біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат берген
Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасы 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындары: Қазақстан қоржынына аударыспақтан алтын медаль түсті
Аударыспақтан 60 келі салмақта бақ сынаған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медаль еншіледі. Бұл туралы «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновты қабылдады. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпқой бокс • 09 Қыркүйек, 2024
«Жақында жекпе-жек!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді
Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2024
Маңғыстаудағы жаппай улану: елдің барлық мектебінде тексеріс жүргізіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Көшпелілер ойындары: 9 қыркүйекке арналған сайыс кестесі
Бүгін, 9 қыркүйек күні 89 елден келген қатысушылар 7 спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 09 Қыркүйек, 2024
Қазақстан көкпаршылары алғашқы ойынын Өзбекстанға қарсы өткізеді
Кеше V Дүниежүзілік көшпелілер ойыны ресми түрде ашылды. Бүгін Астанада дүбірлі доданың сайыстық кезеңі басталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2024
Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.