Президент • 23 Қазан, 2024

Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz

Белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Фото: abai.kz

Бүгін отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін бір топ азамат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді», делінген Ақорда таратқан хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

2026 жылы бізді не күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 11:02