у
Аймақтар • 26 Мамыр, 2026
Атырау облысында аудан әкімнің орынбасары жол апатынан көз жұмды
Облыс әкімінің баспасөз қызметі Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол апатының салдарынан көз жұмғанын растады. Жол-көлік оқиғасы бүгін «Миялы-Сағыз» аралығына қатынайтын жол бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Қоғамдық талқылау аяқталды: Almaty SuperSki жобасы қолдау тапты
Алматыда Көкжайлау аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған Almaty SuperSki тау курорты жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар аяқталды. Тыңдау қорытындысы бойынша қатысушылардың басым бөлігі Алматы тау кластерін дамыту бастамасын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Жастардың шетелге кетуі азаяды: Курорт аумағында заманауи жұмыс орындары ашылады
Алматыда Көк-Жайлау шатқалындағы Almaty SuperSki тау курорты жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар жалғасып жатыр. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – жобаның еңбек нарығына әсері мен жастар үшін ашылатын мүмкіндіктері туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2026
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан жазда суды өзара қалай бөліседі?
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер және Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келіп, үшжақты хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Андрей Кукушкин: Алматы тау кластерінің экономикаға қызмет ететін кезі келді
Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі өзі де тау шаңғысымен тұрақты түрде айналысатын Андрей Кукушкин әлемнің көп мемлекеттерін аралағанын, таудағы курорттарымен шаңғы жолдарымен таныс екендігін айта келе, Алматы тау кластері бәсекеге қабілетті және Көкжайлау жобасының экономикаға қызмет ететін кезі келгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Нұрсұлтан Шоқанов: Алматы Орталық Азиядағы ең ірі тау туризмі орталығына айналуы мүмкін
Қазақстан альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқанов Алматының Орталық Азиядағы ең ірі тау туризмі орталығына айналуға толық мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Almaty Superski: Көкжайлауда қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Алматыда өтіп жатқан Almaty Superski тау курорты жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жобаны қолдап сөз сөйледі. Ол Көкжайлау төңірегінде көп жылдан бері қалыптасқан күмән мен қорқыныштардың басым бөлігі бұрынғы таптаурын түсініктерге негізделгенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Павлодар облысында жер сілкінді
Павлодар облысында жер сілкінісі тіркеліп, тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?
Алматыны дамыту орталығы жанындағы жобалық кеңсенің «Көлік жүйесін дамыту» базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі Артур Шахбазян Алматы таулы кластеріндегі көлік қолжетімділігі қалай өзгеретінін айтты. Оның сөзінше, жоба жеке көліктердің қозғалысын шектеп, қоғамдық көлік пен шаттл жүйесін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Балуандарымыз Азия біріншілігінде тағы 4 медаль жеңіп алды
Қазақстан күрес құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Мамыр, 2026
Лайнердегі індет: Испанияда хантавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында індет тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушысы болған 14 испан азаматы арасында хантавирус жұқтырудың жаңа жағдайын растады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Мұхтар Тайжан: «Almaty Superski» жобасы 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы мүмкін
Алматыда өткен «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдауда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан тау шаңғысы курортының экономикалық және әлеуметтік тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, жоба мегаполистің туризм саласына серпін беріп, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Мамыр, 2026
Ғұмар Қараштың түпнұсқа суреті музейге қойылды
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың түпнұсқа фотосуреті қосылды. Әдебиет зерттеушісі Қабиболла Сыдиықұлының жеке архивіндегі құнды жәдігерді музейге ұсынған – ғалымның жары Гүлшат Омарқызы.
Руханият • 26 Мамыр, 2026
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Атадан қалған ақ сауыт» атты ұлттық қару-жарақ көрмесі ашылды.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді
Ақмола облысында дүкен ішінде әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірген. Оқиға сәті сауда залындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады
Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында Алматы тау кластерін дамыту жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Жиында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, Іле Алатауы табиғатын сақтау, экологиялық тұрақтылық және жобалардың әлеуметтік әсері кеңінен талқылануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Жасөспірімдерді қызметке алатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
«Мифпен өмір сүруді доғарайық»: Қоғам қайраткері «Almaty Superski» жобасын қолдауға шақырды
«Almaty Superski» жобасы бойынша Алматыда өткен қоғамдық тыңдауларда қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан туристік бастаманы қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Елімізде 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында 5,3 мың оқушының жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2026
89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді: Биыл қай мамандықтарға басымдық берілді?
Биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Ақмоладағы балабақшада болған жанжал: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды
Ақмола облысының Сандықтау ауданында балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінге қатыгездік көрсеткені туралы мәлімдемеден кейін қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қоғамда резонанс туғызып, білім беру мекемесінің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Жастар «Almaty Superski» жобасын қолдады
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 26 Мамыр, 2026
Алматыда 56 құрылыс компаниясы жалған құжатпен тендерге қатысқан
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қалалық департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Талғат Ғазизов: Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр
Туризм әлеуетін арттыратын «Almaty Superski» жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара барысында туризм саласын дамыту, Алматы тау кластерінің әлеуеті және халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов өз сөзінде Қазақстандағы туризм саласының кейінгі жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
Атырауда бір ауданннан 85 егіз түлек мектеп бітірді
Атырау облысының Құрманғазы ауданында биыл 625 мектеп бітіруші мектеппен қоштасқан. Ал оның 85-і егіз түлектер болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирін жеңіспен бастады
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 беделді турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Көкжайлауда «Almaty Superski» курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау басталды
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Мамыр, 2026
Министр: Almaty Superski нақты ережелері бар қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамуы тиіс
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Almaty Superski әртүрлі азаматтар тобының, оның ішінде балалы отбасылардың, қарт адамдардың және қозғалысы шектеулі жандардың тауға қолжетімділігін кеңейтуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2026
Көкжайлау жерлері ұлттық парк құрамынан шығарылмайды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева демалыс орындарында заманауи әрі дер кезінде жасалған инфрақұрылым болмаған жағдайда туристер ағынының артуы ретсіз туризмге жол ашып, табиғатқа түсетін салмақты күшейтетінін және адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.