Руханият • Бүгін, 12:15

Ғұмар Қараштың түпнұсқа суреті музейге қойылды

1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың түпнұсқа фотосуреті қосылды. Әдебиет зерттеушісі Қабиболла Сыдиықұлының жеке архивіндегі құнды жәдігерді музейге ұсынған – ғалымның жары Гүлшат Омарқызы.

Ғұмар Қараштың түпнұсқа суреті музейге қойылды

Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлы Ғұмар Қараштың тұңғыш толымды жинағын құрастырып, алғысөзін жазып, 1994 жылы «Ғылым» бас­пасынан «Замана» деген атаумен шығарған. Кеңес өкіметі жылдары аты-жөні ұмытылған, шығармалары оқулықтардан алынып, жариялауға тыйым салынған ағартушының есімін халық жадында жаңғыртуға көп үлес қосқан ғалым Ғұмар Қараштың түпнұсқа фотосуретін де тауып, айналымға қосқан екен. Қазір біз жиі көретін Ғұмар Қараштың қазақы шапан киген суреті, баласы Бұрханды жанына алып түскен бейнесі дәл осы суреттен алынған болып шықты.

Көне суретте 4 адам бейнеленген. Ғұмардың жанында отырған – 1917 жылы сәуірде Орал облысының қазиы болып сайланған Қайыршаһ Ахметжанұлы екенін таныдық. Бұл сурет Ғұмар мен Қайыршаһтың Уфада, Бүкілресейлік діни басқармада қызмет етіп жүрген 1918 жылы түскен болса керек. Өкініштісі, суреттің сыртқы бетіндегі көне жазу өшіп, оқылмастай болыпты. Қазір музей мамандары көне суреттің тарихына қатысты мәліметтерді сұрастырып жатыр.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Атадан қалған ақ сауыт

Руханият • Бүгін, 12:10