Фото: Ашық дереккөз
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мал сою тек арнайы белгіленген және жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі. Тұрғын үйлердің ауласында, көшеде, подъездерде және басқа да қоғамдық орындарда мал союға тыйым салынады.
Осы мақсатта елордада бес арнайы алаң белгіленген:
Байқоңыр ауданы:
• «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6;
• «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10;
• «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
• «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
Алматы ауданы:
• «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар елді мекені, Ақжар көшесі, 20.
Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады
Мал сойылған орындарда қалған қалдықтар белгіленген тәртіппен жойылуы қажет. Оларды тұрмыстық қалдық контейнерлеріне тастауға болмайды.
Тұрғындар санитарлық талаптарды сақтауы, қоғамдық тәртіпті бұзбауы және Құрбан айт кезінде қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Еске салайық, бұған дейін Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қымбаттағаны туралы хабарлағанбыз.