ас
Президент • 15 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Шілде, 2024
Цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Жамбакин Асқар Серікұлы берген өтінішіне сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Шілде, 2024
Атырауда 10 жастағы жеткіншек бассейнге батып кетті
Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге 10 жастағы бала батып кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2024
14 жасар қызының жүктілігін жасырған әйел 3 жылға сотталды
Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны 14 жасар қызының жүкті екенін біліп, түсік жасатуға тырысқан. Әйел қылмысын жасырғаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Шілде, 2024
Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды
Астана халықаралық әуежайы Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсін қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2024
Елордадағы Қараөткел көпірі бір айға жартылай жабылады
Бас қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж.Тәшенов көшесінен Қалқаман көшесіне дейінгі Қараөткел көпіріндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.
Аймақтар • 14 Шілде, 2024
Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады
Маңғыстау облысында ер адам көпшіліктің көз алдында әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2024
Астанада күн сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Шілде, 2024
Президент Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ саясаткері Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 13 Шілде, 2024
Елордада Жаңа адамдардың Бірінші жастар Конвенті басталды
Бүгін Астананың «EXPO» алаңында Жаңа адамдар жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті басталды. Іс-шараға қатысуға 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Шілде, 2024
Олжас Бектенов контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес барысында сауданы цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды. Сауда және интеграция, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
Жемқорлық • 13 Шілде, 2024
Павлодарда 100 мың теңге пара алған көші-қон полициясы сотталды
Павлодар қаласында көші-қон полициясының қызметкері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Шілде, 2024
Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеуніктің соты басталды
Шымкентте мемлекет қаржысына қол салды деп айыпталған бұрынғы қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушысына қатысты сот басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Шілде, 2024
Астаналықтарға үйлеріне газ кіргізу үшін 479 мың теңге беріледі
Астанадағы жеке үй тұрғындарына үйлеріне газ жабдықтарын орнату үшін әлеуметтік көмек беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Шілде, 2024
Елордада 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды
Астанада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 90 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Шілде, 2024
«Өлтіремін деп қорқытқан»: Судьяға қоқан-лоқы көрсеткен күдікті іздестіріліп жатыр
Астана полицейлері адам ұрлау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Шілде, 2024
Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылуы мүмкін
Қазақстанда «Теңіз Жасағы» атты жаңа мемлекеттік компания құрылуы мүмкін. Тиісті үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Шілде, 2024
Астанада екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Астанадағы айналма жолда болған жол апатынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Шілде, 2024
Жас ғалымдар робот-курьер жасап шығарды
Робот-курьерді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары мен роботтехника және автоматика техникалық құралдары кафедрасының студенттері жасап шығарған.
Оқиға • 12 Шілде, 2024
Қарағандыдағы су қоймасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды
Қарағандыда Федоровский су қоймасының аумағынан белгісіз ер адамның мәйіті табылған. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Шілде, 2024
«Қарасора» операциясы: Полицейлер 13 тоннаға жуық есірткі тәркіледі
«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 12 Шілде, 2024
«Әлем жылдың үздік нокаутын көреді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
14 шілде күні Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы рингке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Шілде, 2024
Астанада 14 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты автобус бағыттары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Шілде, 2024
Несие алу үшін жұбайының келісімі қажет, ол қалай рәсімделеді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғаларға банктен қарыз бен шағын несие беру кезінде жұбайлардың келісімін талап ететін шарттарды нақтылайтын қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Шілде, 2024
Париж Паралимпиадасы: қоржынға 21-ші жолдама түсті
Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты бипарт комиссиясының шешімімен Қазақстан спортшысы Париж Паралимпиадасы бойынша пара оқ атудан лицензия иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 11 Шілде, 2024
Елордада Тәшенов көшесінің бір бөлігі жабылады
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Тәшенов көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Шілде, 2024
Танымал боксшы Асланбек Шымбергенов арманын айтты
10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында Мемлекеттік туымызды ұстап шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға рәмізімізді табыстады. Маңызды кездесуден кейін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов арманы туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 11 Шілде, 2024
Жартастағы суреттер бүгінгі күнге дейін қалай сақталған
«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараеваның «Таңбалыдан басталған таңғажайып» атты мақаласы жарияланды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады
9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 11 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады
Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық - Андрей Михайлович, деп жазады Egemen.kz.