Бокс • 11 Шілде, 2024

Танымал боксшы Асланбек Шымбергенов арманын айтты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында Мемлекеттік туымызды ұстап шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға рәмізімізді табыстады. Маңызды кездесуден кейін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов арманы туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.

Танымал боксшы Асланбек Шымбергенов арманын айтты

Фото: olympic.kz

Бүгінде әлем чемпионына айналған боксшыны алғаш жаттығу залына туған ағасы жетелеп әкелген. Асланбек Шымбергенов барлық спортшы секілді олимпиадаға қатысып, алтын медаль алуды мақсат еткенін жеткізді.

«Олимпиаданың алтын медалін алу. Бұл арманымды орындау үшін бар күшімді саламын. 2004 жылы Бақтияр Артаев ағамыз Олимпиада чемпионы атанған соң, туған ағам мені бокс секциясына ертіп келді. Содан бері жаттығып, спорттың бұл түрі өзіме ұнап қалды. Енді, міне, жазғы Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шықпақпын. Ең бірінші кезекте, бұл үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Туымызды желбіретіп барып, желбіретіп қайтамыз», деді боксшы.