Жи
Аймақтар • 03 Қаңтар, 2026
Түркістан облысында жеміс-жидек өңдейтін зауыт іске қосылды
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және отандық шикізаттың қосылған құнын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде ондаған инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 02 Қаңтар, 2026
Қытай «Genesis миссиясына» қарсы тұра алатын ЖИ жүйесін іске қосты
Қытай ұлттық суперкомпьютерлер желісін пайдалана отырып, күрделі ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті аса қуатты жасанды интеллект жүйесін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Иргели ауылындағы Лев Толстой атындағы мектепте мұғалімдерден жаңа жылдық безендіру мен балаларға арналған костюмдерге ақша жиналған. Педагогтардың айтуынша, бұл іске қатысудан бас тартқандарға қысым көрсетіліп, кемсіту болғаны туралы видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Желтоқсан, 2025
Аlemcloud ұлттық суперкомпьютері TOP-500 рейтингіне енді
Президент биылғы Жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылдың ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойған еді. Еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды. Саладағы ілкімді нәтижелерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды
Елімізде мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайту үшін оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын жүйелі енгізу басталды. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясы аясында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды
Францияның аңызға айналған актрисасы, ХХ ғасырдың ең танымал әйелдерінің бірі Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында жұмыс режимі күшейтілді
Жаңа жыл мерекесіне байланысты Астана халықаралық әуежайы күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Елдің басты әуе айлағында жолаушылардың қауіпсіздігі мен әуежайдың штаттық жұмысын қамтамасыз ететін бірнеше қызмет бір мезетте қарқынды атқарылады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2025
Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді
Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев электронды үкімет порталының жаңа нұсқасы дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 26 Желтоқсан, 2025
Ұлт батырын ұлықтаған 10 томдық жинақ жарық көрді
«Мен отанымды ұлы болғаны үшін сүймеймін, өзімдікі болғаны үшін сүйемін». Бұл халқына шексіз берілген туған елінің айтулы перзенті Бауыржан Момышұлының сөзі еді. Биыл батырдың туғанына 115 жыл толып отыр. Соған орай қаһарман тұлғаның қатпарлы тарихын зерделеген 10 томдық еңбек оқырманға жол тартты.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді, дем хабарлайды Ақорда.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Жоғары білімді адамдардың көбеюі ұлттық жинақ деңгейін төмендете ме?
Білім таусылмайтын байлық екені белгілі, ал оның ел экономикасындағы жинақ қорларына әсері қандай? Соңғы уақытта әлемдік ғылыми ортада жоғары білімді азаматтардың үлесі артқан сайын, ұлттық жинақ деңгейінің төмендеуі мүмкін деген қызықты болжамдар айтыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Алматыда әскерге шақырылатындарды жинау орны ашылды
Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әкімдік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Атақты режиссерді өлтірді деген күдікпен оның ұлы ұсталды
Америкалық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы, продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 32 жастағы ұлы Ник Райнер ата-анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Енді ЖИ арқылы тамаққа тапсырыс беруге болады
OpenAI компаниясы АҚШ-тың ең ірі азық-түлік жеткізу сервистерінің бірі – Instacart-пен бірлесіп жаңа қызметті іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Отандық стартап 50 млн долларға бағаланды: Кәсіпкер ЖИ-бот жасауды үйретеді
Кәсіпкер Мирас Советов бизнес үшін жасанды интеллект боттарын қалай жасау керектігін үйрететін платформаны іске қосты. Оның жобасы қазірдің өзінде 50 миллион долларға бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Қарағандылық ЖИ-стартап 400 мың доллар инвестиция тартты
Astana Hub қатысушысы 4sell.ai стартапы компанияны 4 млн долларға бағалау кезінде 400 мың доллар сомасында инвестиция алып отыр. Инвестициялық раундқа MA7 Ventures, MOST Accelerator Fund, Axiom Capital қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испанияның бас шаһары Мадридте джиу-джитсу турнирі алаңында 1-орын иеленді. Ол барлық белдесуде қарсылас шақ келтірмеген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Астық жинау көрсеткіші бойынша Ақмола облысы көш бастады
Үкіметтің баспасөз қызметі биылғы орақ науқаны нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді. Өңірлер арасында астықтың жалпы жиналымы бойынша Ақмола облысы алға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады
Оксфорд ағылшын тілінің сөздігі 2025 жылы ең жиі қолданылған сөз ретінде «рейджбейт» (rage bait – ызаны қоздыруға арналған) терминін таңдады. Соңғы 12 ай ішінде «рейджбейт» сөзінің қолданылу жиілігі үш есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
1998 жылы жер бетін аралауға аттанған жиһанкез үйіне оралуға жақын
Британдық бұрынғы десантшы Карл Бушби 27 жылға созылған сапарының соңғы кезеңіне жетті. Саяхатшының айтуынша, ол сапарға шыққан кезде әлеуметтік желі болмаған, енді ғаламтор кеңістігі дамып, түбегейлі өзгерген әлемге тап болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 27 Қараша, 2025
Жетекші ғалымдар жасанды интеллект жетістіктерін талқылады
Алматыда «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: тарих, мәдениет, тіл және технологиялар диалогы» атты ғылыми конференция өтті. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) алаңында өрбіген ауқымды шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Пәкістаннан келген беделді ғалымдар, ғылыми орталықтар өкілдері және жас зерттеушілер қатысып, жасанды интеллекттің гуманитарлық ғылымдарды жаңғыртудағы рөлін жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 26 Қараша, 2025
Отандық жиһаз өндірісі халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр ма?
Елімізде биылғы қаңтар-қазан айларында жиһаз өндіру көлемі 120,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен бір жарым есеге артқан. Алайда нақты көрсеткішті аңғартатын көлем индексі небәрі 99,9% болып, салада өсу де, айтарлықтай төмендеу де болмай тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Білім саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды
Аталған жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова эксперттік қауымдастықпен отандық IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық төлейтін кәсіп иелеренің тізімі жарияланды
Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің жаңа тізімін жария етті. Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Адамдар жұмыс істемей өмір сүретін уақыт келе ме?
Вашиңтонда өткен инвестициялық форумда Илон Маск ерекше ой айтты. Ол 10-20 жиырма жылдан кейін қоғам мүлде басқаша болады деді. Айтуынша, жасанды интеллект пен адамға ұқсайтын роботтар барлық жұмысты өз мойнына алады. Адамдар тек көңілдері қаласа ғана еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Кәсіпкерлерге көмекші: жасанды интеллект жасап беретін бизнес
Бұрын кәсіпкерлерге бірнеше бөлек порталмен жұмыс істеуге тура келетін. Мемлекеттік сатып алу, электронды шот-фактура, салық пен кеден декларацияларын жасау – жеңіл жұмыстардың бірі емес. Әрқайсы әр жүйеде орналасқандықтан, навигация қиын, ал уақыт шығыны көп болатын. 2024 жылы Қаржы министрлігі негізгі цифрлы жүйелерді ауқымды түрде жаңартуға кірісті. Бұл біртұтас, түсінікті және жайлы цифрлы ортаны құруға жол ашты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Қараша, 2025
Ел мектептері жасанды интеллектіні жүйелі қолдана бастайды
Білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Сол орайда ел мектептерінде әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.