Фото: Ақорда
Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20-23 сәуір күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралады. Кездесулер нәтижесінде екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бірқатар шешім қабылдануы мүмкін.
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
22-24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялық саммит (#RES2026) өтеді. Бұл – БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңы.
Саммиттің негізгі мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеру бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу. Жиынға бірқатар мемлекет пен үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сонымен қатар 22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесі өтеді.
Кеңес барысында Арал теңізі аймағындағы экологиялық ахуалды жақсарту, су ресурстарын тиімді басқару және өңір елдерінің бірлескен экологиялық бастамаларын күшейту мәселелері талқыланбақ.