ек
Қазақстан • 10 Маусым, 2026
Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
ІІМ жанар-жағармайды елден заңсыз әкету, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2026
Болашаққа бағдарланған білім: Қазақстан білім инфрақұрылымы бойынша ЕАЭО-да қалай көш бастады?
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі әлеуметтік инфрақұрылымның кеңейіп, адами капиталдың сапалық тұрғыдан өсуіне бағытталған оң үдерістер белең алып келеді. Ресми статистикалық деректерге сүйенсек, 2026 жылдың тек алғашқы үш айында ғана одақ аясында 17 937 жаңа оқушы орны мен балабақшаларда 6 778 орын пайдалануға беріліп, бірқатар заманауи әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұл ретте Қазақстан қысқа мерзім ішінде 10 300-ден астам оқушы орнының ашылуын қамтамасыз етіп, Одақ бойынша білім беру инфрақұрылымын дамытудың көш басына шықты.
Спорт • 09 Маусым, 2026
АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттердің көмегімен тексеруден өтті
АҚШ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысты ерекше оқиғаларымен көзге түсіп келеді. Бұл жолы көпшіліктің назары Өзбекстан құрамасына ауды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Оқу-жаттығудағы оқиға: Граната күтпеген жерден жарылған
Әлеуметтік желілерде Алматы облысында өткен оқу-жаттығу барысында полицейлердің жаппай зардап шеккені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы ауқымды цифрландыру стратегиясын бекітті
Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Маусым, 2026
Apple жасанды интеллект қызметін Еуроодақ аумағында іске қоспайтын болды
Apple компаниясы Еуропалық одақ елдерінде Siri дауыстық көмекшісінің жаңа жасанды интеллект нұсқасын іске қосудан бас тартты. Оған себеп Еуропалық комиссия оның жергілікті заңнама талаптарынан босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2026
Алматыда 9 қабатты үйдің шатырына салынған баспана неге бұзылмайды?
Алматыдағы көпқабатты үйдің төбесіне жеке тұрғынжай салынған. Бұл үй туралы былтыр әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған. Әкімдік оның заңдылығын анықтау үшін арнайы тексеру жүргізген. Жылжымайтын мүлік мамандарының айтуынша, барлық құжаттары талапқа сай болып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Олжас Бектенов туристік бағыттарға әуе және теміржол рейстерін көбейтуді тапсырды
Олжас Бектенов танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 09 Маусым, 2026
Арыс қаласындағы қайғылы жағдай: 6 адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды
Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйінде жол талғамайтын көлік жүргізіп, бір топ адамды қағып кеткен әйел 2 айға қамауға алынды. Оқиға орнында 29 жастағы жүкті әйел, оның 2 жасар ұлы және көршілерінің 5 жасар қызы қаза тапқан. Тағы 3 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Маусым, 2026
Астаналық гимнаст Испанияда екі медаль жеңіп алды
Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 08 Маусым, 2026
Қазақстан Horizon Europe ғылыми бағдарламасына қосылуды жоспарлап отыр
Қазақстан ғылым мен инновация саласындағы Еуропалық одақтың ең ірі бағдарламаларының бірі Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылған ел мәртебесімен қосылуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 08 Маусым, 2026
Астана негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша бірінші орында тұр
Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Маусым, 2026
ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіру көлемін арттырады
ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Жаңа өзгерістер 2026 жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2026
Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды
Бірнеше ай бойы өмір үшін күрескен Алексей Вивтоненко көз жұмды. Бұл туралы оның жақындары 8 маусым күні хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Маусым, 2026
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Шектеу шаралары Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстанушыларының әрекеттеріне байланысты қабылданбақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 07 Маусым, 2026
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Астанада бесінші мерейтойлық Astana Half Marathon өтті. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған елордадағы ең ірі жүгіру жарысы 7 000 қатысушының басын қосып, жарыс тарихындағы шетелдік спортшылар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Маусым, 2026
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Қарағанды облысында Балқаш көпбейінді ауруханасын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды қаржыландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 07 Маусым, 2026
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Ресей астанасы Мәскеуде академиялық ескек есуден «65-шы Үлкен Мәскеу регатасы» халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 06 Маусым, 2026
Түркістандық оқушы шетелдің 80-нен астам оқу орнынан шақырту алды
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы білім бәсекесінде феноменальды нәтиже көрсетті. Ол АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның маңдайалды жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Маусым, 2026
Сарапшы: Зейнетақы ақшасы пәтер алуға немесе жөндеу жасауға арналмаған
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінің көтерілуіне және зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын пайдалану үдерісіне қатысты өзінің кәсіби ұстанымын білдірді. Сарапшы мәселенің макроэкономикалық астарын ашып, бұл қаражаттың негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2026
Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жыл сайынғы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Маусым, 2026
Талдықорғанда заңсыз деректер базасын қолданған коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды
Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура және ҰҚК департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін заңсыз пайдаланумен айналысқан коллекторлық агенттіктің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2026
Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл қадам ел азаматтарының болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Маусым, 2026
Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды
Астанада көптен күткен «Жібек жолы» LRT станциясы жолаушылар үшін ресми түрде есігін айқара ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2026
Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын (емделуге немесе тұрғын үйге) пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2026
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 06 Маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың C5+1 форматындағы мәдениет министрлерінің кездесуі аясында Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 06 Маусым, 2026
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Кезекті жарыс күнінде қазақ спортшылары ұлттық құрама қоржынына үш қола медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Өскеменнің жылу мәселесін жаңа ЖЭО шешпек
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің энергетика саласындағы ахуал мен жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz