Ұн
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
«ҚазМұнайГаз»: Шымкент мұнай өңдеу зауытынан отын ұрланған жоқ
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытынан заңсыз отын жөнелтілгені туралы БАҚ-та тараған ақпаратты теріске шығарды. Аталған компанияның ЖШС «ПКОП»-қа қатысы жоқтығы және зауыт аумағынан тыс орналасқаны мәлімделді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?
JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 07 Қаңтар, 2026
Бензин мен дизель бағасы қымбаттады
Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындары бензин мен дизель отынының көтерме бағасын едәуір арттырды. Қымбаттау тек мотор отынымен шектелмей, өзге де бірқатар мұнай өнімдерін қамтыды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының соңғы деректерінде айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері
Мұхиттың арғы бетіндегі Венесуэланың басына бұлт үйірілсе, жаһандық мұнай нарығы елең ете қалатыны белгілі. Әлемдік «қара алтын» картасында өзіндік орны бар бұл елдегі саяси-экономикалық тербелістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Бюджеттің бүйірін толтырып отырған мұнай бағасы құбылса, Ұлттық қордың жағдайы нешік болмақ? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетовпен тілдескен едік.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2025
Brent мұнайының бағасы қалай өзгереді?
AERC сарапшылары әлемдік алпауыттардың деректеріне сүйене отырып, алдағы кезеңге арналған мұнай бағасының жаңа болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді
Ресей мұнайының бағасы барреліне 34 долларға дейін төмендеді. Ал Brent маркалы мұнайдың баррелі 61 доллар шамасында саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
«Қара алтын» арзандап, биткоин құбылды: Әлемдік нарықты 2026 жылы не күтіп тұр?
Мұнай бағасы жыл басынан бері 20%-ға төмендеп, инвесторлардың назары АҚШ Федералды резервтік жүйесінің алдағы қадамдары мен саяси тағайындауларға ауды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Мұнай ұңғымаларын ЖИ басқарады
Құмкөл кен орнында жасанды интеллект алғаш рет нақты өндірісте қолданылды. Отандық ғалымдар жасап шығарған цифрлық жүйе ұңғымаларды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Мұнай өндіру мен экспорт жоспардан асты
Биылғы 11 айда елдің мұнай-газ саласында негізгі көрсеткіштер жоспардан жоғары орындалды. Мұнай өндіру мен экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа келбетке енді
Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Бристоль музейіндегі 600-ден астам құнды экспонат қолды болған
Тонаушылар музей қоймасынан Британ империясының тарихына арналған коллекциядағы әскери реликвияларды, зергерлік әшекейлерді, қазба қалдықтарын және піл сүйегінен, қола және күмістен жасалған мүсіншелерді ұрлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытынан 4,3 млн теңге айыппұл өндірілді
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зауыт аумағында бензин төгілген. Осыған байланысты зауытқа 4 млн 325 мың теңге айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанға алып мұнай сақтау қоймасы қажет пе?
Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай сақтау қоймасын салу мәселесі бірнеше рет талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?
Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ел ішінде де, әлемдік деңгейде де айтарлықтай трансформациядан өтті. Бүгінде елімізде өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы экспортқа жөнелтіледі, ал 20%-ы ішкі нарыққа бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 02 Желтоқсан, 2025
2040 жылға қарай мұнай өңдеу қуаты 40 млн тоннаға дейін жетеді
Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өңдеу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Украинаның КТК-ға шабуылы: Ахуалға байланысты сарапшылар не айтады?
Бірер күн бұрын Украина тарапы кезекті рет Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуыл жасады. 29 қараша күні, Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-де Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдаған. Салдарынан айлақтағы тиеу қондырғысы (АТҚ-2) істен шығып қалды. Танкерлер терминал акваториясынан тыс жерге шығарылған. КТК арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ын экспорттайды. Әрине, геосаяси жағдай ушыққан 2022 жылдың ақпанынан бастап мемлекет мұнай тасымалын әртараптандыру жолдарын қарастыруға кірісті. Алайда КТК сияқты алпауыт құбырды кез келген тасымал жолы оңайшылықпен алмастыра салмайды. Бұл – түсінікті жәйт. Украина шабуылына қатысты әуелі Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, одан соң Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Бір жылдан соң мұнай бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдырауы мүмкін
Биыл Brent маркалы мұнайдың бағасы 15 пайызға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Қараша, 2025
25 қарашаға қараған түні Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына дрондар шабуыл жасап, әкімшілік корпус зақымданды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Қараша, 2025
СІМ: Қазақстан АЭХА-ның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылды
Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстанды Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылдау жөнінде жарияланған шешімді құптады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Елімізде бір мезетте бір жарым миллион оқушы мазмұндама жазған
Дүниежүзілік балалар күніне орай, «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бір мезетте мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазған. Оған республика бойынша 1,5 млн бала қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 20 Қараша, 2025
Отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі ұлғайды
Энергетика министрлігі мен «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Шетел инвесторлары отандық мұнай кен орындарынан кеткісі келмейді. Себебі неде?
Rystad Energy зерттеуіне сәйкес, 2025-2030 жылдары әлемнің ірі мұнай-газ алпауыттары үшін Қазақстан ең негізгі табыс көзіне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін
Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалық «Chevron» компаниясы ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2025
Қазақстан ірі шетелдік мұнай компанияларының үстінен халықаралық сотқа шағым түсірді
Қазақстан арбитраждық сот алаңына шығып отыр – ел билігі халықаралық мұнай-газ компанияларына қарсы өз ұстанымын күшейту мақсатында Швейцария сотына жүгініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қараша, 2025
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобасына қатысты бұрын әрекет еткен шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 15 Қараша, 2025
Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: Қазақстан мұнайдан ЖИ өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр
Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Қараша, 2025
Сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасы қайта бекітілуі мүмкін
Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын тұрақты жеткізу және бағаны ұстап тұру мақсатында көтерме саудадағы шекті бағаларды бұрынғы деңгейде қалдыруға арналған бұйрық жобасын талқылауға шығарды. Құжатқа пікір білдіру мерзімі 25 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.