бай
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти лауазымына қайта сайланды
Бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы қайта сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2024
Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды
Премьер-министр Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2024
Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бүгін, 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Аzertag.az агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2024
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әділбай Қанат Серікқанұлы Абай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апатынан көз жұмған Қазақстан азаматтарының есімдері аталды
Төтенше жағдайлар министрлігі 25 желтоқсан күні Ақтау қаласында апатқа ұшыраған Әзербайжан әуекомпаниясына тиесілі ұшақта болған Қазақстан азаматтарының аты-жөнін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан елшілігі ғимараты маңына гүл шоқтарын қоюда
Маңғыстау облысында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер бар. Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас Консулдығы ғимаратына келіп, қамығып, көңіл айтып жатырған халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулық жастар Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып көңіл айтты
Маңғыстаулық жастар Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып, қайғылы жағдайға орай көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтауға Әзербайжан делегациясы келіп жетті
Бүгін Ақтау маңында Әзербайжаннан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ауыр апатқа байланысты Әзербайжан тарапынан арнайы құрылған комиссия Ақтауға барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды
Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: Әзербайжан Президенті көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 25 Желтоқсан, 2024
Бокстан Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды
Бокстан Қарағанды қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекелерден кейін еліміздің әр салмақ дәрежесіндегі үздіктері анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 23 Желтоқсан, 2024
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері анықталды
Биыл сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсының қорытындысы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2024
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымға Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов тағайындалғаны туралы әкімдік сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 20 Желтоқсан, 2024
«Алтын қалам» иегерлері анықталды
Қалам ұстаған қауым асыға күтетін «Алтын қалам» әдеби байқауының бастау алғанына биыл 15 жыл толып отыр. Әдеби ортада танымал жоба арадағы үш жыл үзілістен кейін жаңа маусымын жариялап, қалам қуатымен жүзден жүйрік шыққан авторларды марапаттау рәсімі Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде өтті.
Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2024
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасына жаңа басшысы келді
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Данияр Құттыбайұлы Өтепов облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 19 Желтоқсан, 2024
Ақмола облысында жол салуға бөлінген 764 миллион теңгені жымқырмақ болған
Ақмола облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жоспарланбаған жұмыстарды қосу есебінен сметаны асыра бағалау фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2024
Еліміздің экономикалық өсімі 4,4%-ды құрады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында Қазақстанның 2024 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қорытындылары туралы баяндады. Еліміздің экономикалық өсімі 4,4%-ды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2024
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды
Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 14 Желтоқсан, 2024
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Биыл Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге орай, еліміздегі өзге де табиғи парктермен қатар, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кіру тәртібі де өзгеріп, жаңа тариф енгізілді.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2024
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Бурабайдағы Мультимедиялық интерактивті кешенге жарты жылда 7 мыңнан астам адам барған.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2024
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорданың «Байқоңыр» ауданында қыс қызығын айшықтайтын қысқы сырғанау алаңдары іске қосылып жатыр. Сырғанау маусымының сәнін келтіретін 800 метр шаршы алаңды құрайтын мұз айдыны «Жастар» сарайы аумағында тұрғындардың игілігіне табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 47 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 38-і ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы да айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2024
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Әдеби сайысты «AMANAT» партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Желтоқсан, 2024
Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
13 желтоқсан күні Астана мен Бурабайды байланыстыратын жаңа брендтік пойыз іске қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024
Ақсуат ауданына жаңа әкім тағайындалды
Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі болып Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 12 Желтоқсан, 2024
Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
11 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов құрлық доданы қорытындылап, сайыс нәтижелеріне қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Желтоқсан, 2024
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Олжас Құрманбек Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 11 Желтоқсан, 2024
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды
Бокстан Таиландтағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Отандасымыз Айбек Оралбай ел қоржынына төртінші алтынды еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.