Бокс • 27 Ақпан, 2025

Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жарақат алып қалды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Странджа кубогі» аясында Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты келесі кезеңге өте алмады, деп жазады Egemen.kz.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жарақат алып қалды

Фото: iba.sport

Ол бүгін 48 келіде ирландиялық Лоуис Руниге қарсы рингке шыққан еді. Жекпе -жек барысында қолын жарақаттап алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

«Осы себеппен кездесу алғашқы раундта тоқтатылып, жеңіс қарсыласқа берілді. Қазіргі уақытта Санжарға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр», делінген федерация хабарламасында.