у
Медицина • 14 Сәуір, 2025
Қазақстанда 300 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды
Елімізде 2022 жылдың 1 шілдесінен бері 307 миллионнан астам дәрі-дәрмектер таңбаланса, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық препараттарға міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін қаптамаларға 262 миллион Data Matrix белгілері салынды.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2025
Генетикалық ресурстар елге қайтарылды
Ливанда орналасқан ICARDA Генетикалық банкінен жабайы өсімдіктердің генетикалық ресурстарының қоры елге қайтарылды. Бұл еліміздің ауыл шаруашылығының биологиялық әртүрлілігін қалпына келтіріп, сақтауға орасан зор көмек болды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 14 Сәуір, 2025
Сенат спикері Сауд Арабиясының өкілдерімен кездесті
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің шақыруымен аталған елге келді. Сапар барысында Эр-Риядта Корольдіктің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед бен Ибрахим Әл-Аш-Шейхпен және Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф бен Абделазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейхпен кездесулер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Алматы облысында қазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін «TilOquBot» атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Сәуір, 2025
Депутат әйелдердің жұмыс күнін 1 сағатқа қысқартуды ұсынды
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Игорь Антропенко әйелдердің жұмыс күнін кем дегенде бір сағатқа қысқартуды ұсынды. Бұл бастама арқылы ол әйелдердің отбасы мен жеке өміріне көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік бергісі келетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Бектенов Chevron басшысымен мұнай саласының перспективаларын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Сәуір, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15, 16 және 17 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Оралда мемқызметшілерге арналған тіл байқауы өтті
Орал қаласында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Сәуір, 2025
Ғасыр жасаған ардагерді құттықтады
Кеше қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ефимовна 100 жасқа толды. Мерейтой иесін құттықтауға Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, әскери қызметкерлер мен оқушылар барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жауапқа тартылды
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ш. есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен бұзу дерегі бойынша айыпталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2025
Президент Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
Instagram желісіне отандық әуендер қайта оралды
Бүгін Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева авторлық құқық саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде отандық музыкалық шығармаларды әлеуметтік желілерде орналастыру туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Қарағанды өрт сөндіру паркіне 17 техника берілді
Заманауи техника азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде облыстық бюджет қаражатына сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2025
Президент бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік құрам сапында табысты қызмет атқарып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан офицерлермен және сарбаздармен кездесті. Президент елімізге жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып келген әскерилер ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсеткенін, сол арқылы Ұлттық армиямыздың, тұтас мемлекетіміздің беделі көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 14 Сәуір, 2025
Алматы әкімдігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты құттықтады
Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медальға ие болған Михаил Шайдоровты Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісін көрсетіп, жеңіске жеткен жас спортшыға алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы жарияланды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде энергетика саласын дамыту шаралары жүзеге асырылып келеді. Аталған тапсырманы орындау аясында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды, сондай-ақ инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 14 Сәуір, 2025
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сәуір айының 12-15 күні аралығында Ұлытау облысына гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Елімізде жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңгеге зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 706,7 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде саладағы бірқатар кемшілік анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Сәуір, 2025
Былтыр алматылықтар ЭКҰ мен диагностикадан миллиондаған теңге үнемдеді
Алматы қаласының тұрғындары экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасын белсенді түрде пайдаланып келеді.
Төтенше жағдай • 13 Сәуір, 2025
Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті
Төтенше жағдайлар қызметкерлері марқұмның мүрдесін іздеу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2025
Ұландық спортшы гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының аға маманы (дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы) Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды
Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық • 13 Сәуір, 2025
Алматылықтар 46 миллиард теңгенің тегін дәрі-дәрмегін алды
Өткен 2024 жылы Алматы қаласында 380 мыңға жуық тұрғын жалпы сомасы 46 миллиард теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Семейде пациенттерді қолдау қызметі ашылды
Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.
Қоғам • 13 Сәуір, 2025
Қостанайда бұрын сотталған азаматтың үйінен 3 мылтық, 200 оқ-дәрі табылды
Қостанайда бұрын сотты болған азамат үйінде заңсыз аңшылық атыс қаруын сақтаған. Облысының прокуратурасы қаруды сақтау фактісі бойынша қылмыстық істің айыптау актісін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Сәуір, 2025
Су тасқыны: 14 ауылда көлік қатынасы тоқтап тұр
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 14 ауыл көлік қатынасысыз отыр. Сонымен қатар ел аумағында 26 жерден су тасып, 5 жол бөлігі шайылған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыс • 13 Сәуір, 2025
Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен
Маңғыстау облысындағы Ақжігіт ауылында 8 сәуірде қаза болған 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2025
Конго-Қырым қызбасы: 46 елді мекен табиғи ошақта орналасқан
Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.