Қылмыс • 13 Сәуір, 2025

Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Ақжігіт ауылында 8 сәуірде қаза болған 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен

Басылымның жазуынша, полицияның жасөспірімнің өліміне себеп болған күдіктіні күні кеше ғана ұстағаны белгілі болды.

Қайғылы оқиға сәуірдің 8-і күні болған. Марқұмның туыстарына оның құлап, жарақат алғанын, соның салдарынан қайтыс болғаны айтылған. Алайда жасөспрімнің отбасы оны зорлық-зомбылық құрбаны болды деп есептейтіндіктен, әділ тергеуді талап етіп отыр.

Маңғыстау полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті – сол ауылдың 20 жастағы тұрғыны.

«Бұған дейін күдіктіге іздеу жарияланған болатын, хабарлама облыстың барлық ауданына таратылған. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» бойынша жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қылмыстың саралануы өзгермесе, жас жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқиғаның мән-жайын тергеушілер мұқият зерттеп жатыр.