Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Нұрдәулет Сүйіндіков лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Сергек» камераларының саны артады
Алматы қаласының билігі жол қозғалысын бақылау камералары қызметін көрсететін жеткізушіні ауыстырмау жөнінде шешім қабылдады. «Сергек» жүйесі қалада жыл соңына дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында бір жыл ішінде 61 бала биіктен құлаған
Атырау облысында жыл басынан бері биіктен құлауға байланысты 155 дерек тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мұндай жағдайға себеп болатын бірнеше жайтты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда жолдардың жабылуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылды
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылы елімізге шетелден 35 мың студент келген
Қазіргі таңда жоғары білім беру саласында интернационализация үдерісі бүкіл әлемде қарқын алып келеді. Яғни студенттер басқа елдерге барып оқуды жиі таңдайтын болған. Мамандардың дерегінше, 2022 жылы басқа мемлекеттерде оқуға кеткен студенттер саны 69 миллион адамды құраған. 2030 жылға қарай шетелде білім алатын студенттер саны одан да көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара уақытша жабылады
Қырғыз Республикасының ҰҚМК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы Қазақстанмен шекарада азаматтар мен автокөліктердің өтуі уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Желтоқсан, 2025
Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 30 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та бизнестің 39%-ы әйелдерге тиесілі
Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікке бұрынғыдан да белсенді араласып келеді. АҚШ-та кәсіпкер әйелдердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруына мемлекеттік бағдарламалар да қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысына қарасты Махамбет, Жылыой, Қызылқоға және Мақат ауданының жаңа прокурорлары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Кейіпкерімді бала күнімнен білемін. Оның есімі – Рамазан Боқанұлы. ҰҚК отставкадағы полковнигі, тарих ғылымдарының кандидаты. Әке-шешесін де жақсы танимын. Өйткені бір ауылданбыз. Көрші тұрдық. Ата-анасы елге сыйлы адамдар еді. Әкесі Боқан – екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Тұлғалы азамат болатын. Түрі сұсты. Ұзақ жылдар кеңшарда есеп саласында қызмет істеген. Жеңіс күні қарсаңында Боқан әкені мектепке шақырып, талай мәрте әңгімесін тыңдадық. Ол кезде ауылда соғысқа қатысқан қарттардың біразы бар еді. Кейбір майдангерлер соғыс туралы айтқанды ұнатпайды. Ал Боқан ақсақал ондай емес. Бізге қанды қырғында көзімен көрген оқиғаларды бүкпесіз баяндайды. Ал анасы Әсияхан апа мейірімді, еңбекқор жан еді. Оның бау-бақшасында жемістің неше түрі жайқалып өсетін.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2025
31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?
Ертең елорданың 6 ауданындағы 10 локацияда мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Іс-шараларда елімізге танымал әншілер Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, «Меломен» және «Бәйтерек» тобы өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Grand Tour Biathlon жобасы неліктен маңызды?
Биатлон федерациясы өңірлерден таланттарды іздеу бойынша бірегей жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл әлемдік стандарттарға барынша жақын балалар жарыстарының жаңа форматы. Жаңашылдық туралы Үкімет отырысында федерацияның бас хатшысы Манас Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Бүгін Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ел спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерінің үлгісі бекітілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025
Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты
Перу дәрігерлері жабысып туған сәбилерге күрделі операция жасап, оларды бір-бірінен аман-есен ажыратты. Айлан және Алиф есімді егіздер омыртқа бөлігімен жабысып туған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Корея қанатты зымырандарды сынақтан өткізді
Солтүстік Корея Батыс теңіз акваториясында алыс қашықтыққа арналған стратегиялық қанатты зымырандарды ұшыру бойынша әскери оқу-жаттығу өткізді. Оны ел төрағасының өзі жеке басқарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ел намысын кімдер қорғайды?
Елімізде мәнерлеп сырғанаумен тұрақты жаттығатындар саны жыл сайын артып, бүгінде 2 700 адамға жақындады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағының вице-президенті Талғат Бұрхан айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі
Жапония үкіметі Семей медицина университетінің госпиталіне заманауи медициналық құрылғылар сатып алу үшін 7 миллион доллардан астам грант бөлді. Бұл көмек ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл Президент Әкімшілігі 82,5 мың өтінішті қараған
2025 жылы еліміздегі маңызды жұмыс бағыттарының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру болды. Биыл Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түскен. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
«Салық амнистиясы»: кімдердің айыппұлы кешіріледі?
2026 жылдың алғашқы тоқсанында микро және шағын кәсіпкерлерге салықтық қарыз жүгін жеңілдетуге мүмкіндік беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске қосылатын амнистия айыппұлдар мен өсімпұлдарды толық кешіруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы жыл басынан бері 95 заң мен 388 жарлыққа қол қойды
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл атқарған нормативтік-құқықтық жұмыстарының қорытындысын жариялады. Мемлекет басшысы стратегиялық маңызы бар кодекстермен қатар, жаңа қалалардың мәртебесін айқындайтын құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион теңгеден асты
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн» деп атап өткен Президенттің сөзін тілге тиек етіп, аграрлық саланы дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды
Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылған істерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл ішінде 23 рет шетелге мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарымен шыққан. Бұл туралы Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 30 Желтоқсан, 2025
Ресейдің мыңдаған ескі көлігін Қазақстанда сату отандық нарыққа әсер ете ме?
Ресейде қолданыста болған 50 мың автокөліктің Қазақстанда сатылымға шығарылуы отандық нарыққа қалай әсер етеді? Көршілес елде жаңа жылдан бастап лизингте болған, алайда келісімшарт талаптары бұзылғандықтан иелерінен қайтарылған автокөліктер 5-40 пайыз аралығындағы жеңілдікпен сатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Желтоқсан, 2025
Цифрлық кодексте бар саланың мүддесі қамтылды
Даму көшінің алдыңғы легінде боламыз деген мемлекеттер жаппай цифрландыруға кірісіп кетті. Еліміз де осы бәсекенің бел ортасында. Президент биылғы Жолдауында алдағы үш жыл ішінде осы межені бағындыруды стратегиялық міндет ретінде атап, Цифрлық кодексті жеделдетіп қабылдауды тапсырды. Осы орайда аталған заңнамалық құжатты дайындауға атсалысқан Мәжіліс депутаты Үнзила ШАПАҚПЕН әңгіме өрбіткен едік.
Заң мен Тәртіп • 30 Желтоқсан, 2025
Кейінгі уақытта жол-көлік оқиғасы тыйылмай тұр. Оның басты себебі, көлік тізгіншісінің жауапсыздығынан екені жасырын емес. Осындай да аптығып жүріп, айыппұл арқалайтындар сауатты жүргізушілерден үлгі алса ғой дейсің.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Мұнайлы Атырауда өңірлік жұмыспен қамту картасы бар. Мақсаты – еңбек нарығын дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты жүйелі жүргізу. Биыл облыста аталған карта аясында 25 781 жұмыс орны ашылды.