Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025

Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері

Шетелдіктермен латын тілінде сөйлесе алатын, сауатты діни қызметкер болған ағасы оған сауат ашудан дәріс оқыған. Оның үстіне сол дәуірде қыз балалар үшін көп оқудың да қажеті шамалы еді. Оның алғашқы әңгімесі небәрі 13 жасында жарық көрді. Талай жылғы тынымсыз еңбегінің арқасында ол бірнеше роман, әңгімелер, әдеби мақалалар, сахналық пьесалар мен өлеңдер жинағын оқырманға ұсынды. Оның алғашқы романы «Сардиния гүлі» 1892 жылы жарияланды.

Жазушының көптеген шығармаларында озбырлық күштер, моральдық таңдаулар, құмарлық пен адам әлсіздігі сияқты тақырыптар көрініс табады. Грация Деледда өз шығармаларын жазу барысында Сардиниядағы балалық шағынан, терең тарихи тамыры бар көне дәстүрлерден және отбасы мүшелерінің қайғылы оқиғаларынан әсер алғаны анық.

1926 жылы Грация Деледда «идеалистік рухта жазылған туындылары арқылы туған даласының өмірін айқын бейнелеп, жалпыадамзаттық мәселелерді тереңдікпен суреттегені үшін» әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар