Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этностық қазақ қандас мәртебесін алған. Жыл сайын өсіп келе жатқан бұл көрсеткіш шетелдегі қазақтардың атажұртына көптеп оралып жатқанын дәлелдейді.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 30 Желтоқсан, 2025
Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жыл зулап өте шықты. Биыл еліміздің ғылым саласы табысты болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек. Ахмет Байтұрсынұлы «Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек» деген болатын. Бұдан бір ғасыр бұрын айтылған сөз қазір, әсіресе өзекті», деген болатын. Яғни ендігі жерде елімізде ғылымға көңіл бөлу жыл сайын арта түспек.
Таным • 30 Желтоқсан, 2025
Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?
Кейінгі жылдары жасанды интеллект (ЖИ) қарқынды дамып, аударма саласына дендеп ене бастады. Онлайн аударма платформалары, нейрожелілерге негізделген жүйелер кез келген мәтінді бірер секундта бірнеше тілге аудара алады. Бұл жағдай «болашақта ЖИ адам-аудармашының орнын баса ала ма?» деген заңды сұрақ туғызды. Соған жауап іздеп, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырған едік.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Басылым • 27 Желтоқсан, 2025
«Duke University» газетіндегі қазақ фольклоры туралы мақала
АҚШ-тың жетекші Дюк университетінің газеті 1957 жылы қазақ фольклоры туралы жарық көрген кітап хақында ақпарат жариялаған. Сол кезде әртүрлі баспалардан жарық көрген тарих, әдебиет, өнер, ғылым туралы кітаптарды студенттерге, оқырмандарға таныстыруды мақсат еткен бұл басылым біздің ел тарихы мен мәдениетін америкалық оқырмандарға сонау ертеден насихаттай бастаған. Мәтінде ғасырлар бойы қазақ тайпалары Орталық Азияның ұлан-ғайыр даласын мекендеп келгенін айтады. Сонымен бірге жылқы өсірумен айналысып, жауынгер әрі еркіндікке құштар бұл көшпелі халық бай әрі салыстырмалы түрде күрделі ауыз әдебиеті дәстүрінің иелері екенін жазады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қазақ хандығы туралы құнды еңбек
Тарих докторы, PhD, Токио шетел тілдері университетінің оқытушысы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты кітабының тұсаукесері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Алматыдағы Ғылым ордасында өтті. Аталған еңбек Токиода жарық көрген.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2025
Меруерт Бижанова: Оксфорд бала күнгі арманымды орындады
Бүгінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген сөзі ақиқатқа айналды. Жас болса да топ жарып, 24 жасында әлемге әйгілі Оксфорд университетінің докторантурасына оқуға түскен Меруерт Бижановамен жақын танысып, оның ғылым жолындағы жетістігі туралы әңгімелескен едік.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2025
Халықаралық валюта қорында – Қазақстан күні
Халықаралық валюта қорының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан күні» атты ресми іс-шара өтті.