конституция
Ата заң • 31 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді
Жарияланған жаңа Конституция жобасының Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл идея Конституцияның бүкіл мәтінінде көрініс табады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 31 Қаңтар, 2026
Алты ай бойы Конституциялық реформа мәселесі қоғамда қызу түрде талқыланған басты тақырыптардың бірі болды. Әртүрлі топтардың, соның ішінде сарапшылар қауымдастығының да ұсыныстары сарапталып, зерттелді. Кең етек жайған пікірталасқа азаматтар, түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар белсенді түрде қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 31 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституцияның жобасы: Адами капитал мен адам құқықтарына басымдық
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан адами капиталдың, білім, ғылым және инновациялардың дамуын мемлекеттің стратегиялық қызметінің негізгі бағыты ретінде танитыны көрсетілген. Бұл бағыттарды айқындау кездейсоқтық емес, шын мәнінде Қазақстанның одан әрі дамуында аса қажетті фактор саналады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2026
Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?
Жаңа Конституция жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланады. Бұл туралы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның кезекті отырыстында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Бақыт Нұрмұханов: Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап береді және Қазақстан мемлекеттілігінің іргесін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2026
Конституцияның 80-ге жуық нормасына өзгерістер енгізіледі
Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбындағы отырысы өтті. Жиында мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту жағдайындағы конституциялық реформаның мәні, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2026
Сенат төрағасы: Конституциялық реформа – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
Бүгін Сенатта конституциялық реформа, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституцияда қанша бөлім, қанша бап болады?
Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында еліміздің жаңа Конституциясының бірінші жобасы қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Даму көшінің бағытын нақты айқындауымыз керек
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлар форумында сөйлеген сөзінде Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституциялық реформаның мәні мен ел дамуы үшін маңызына тоқталып, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату
Конституцияға енгізілетін өзгерістер көптің көкейіндегі негізгі сұраққа айналып отыр. Сондықтан Конституциялық реформаның әр азаматқа не үшін қажет екеніне айрықша назар аударылады. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында егемендікті нығайту, тікелей демократия тетіктерін кеңейту және дәстүрлі құндылықтарды бекіту мақсатында Ата заңның бірқатар ережелерін қайта қарау бастамасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Мәди Мырзағараев: Жаңа Конституция мәселесін қарастыру орынды
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев комиссия жұмысы аясында жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Қаңтар, 2026
Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында республикалық референдумның атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Бекжан Мейірбаев: Зайырлы мемлекет қағидатының маңызы артып келеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев өз сөзінде, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсыныстарының бірі – зайырлылық қағидатын Ата заңда нақты және айқын бекіту өте өзекті және уақтылы бастама екенін айтты. Оның піікрінше, бұл қадам Қазақстанның демократиялық даму жолында аса маңызды. Өйткені мемлекеттің дінге бейтараптығын құқықтық тұрғыдан нығайту – қоғамдағы тұрақтылықты, теңдікті және адам құқықтарын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2026
Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады
Қазақстан Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жеке басқа қол сұқпаушылық, негізгі құқықтарды қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалар айтарлықтай күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Қазақстанда жеке деректерді қорғау құқығын Конституцияда бөлек бекіту ұсынылды. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Марат Башимов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов жалпы ережелер мен адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты бөлімдерді түзетудің негізгі бағыттарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы
Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ұсыныстар жөнінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026
Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы
Конституциялық реформа аясында бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың маңызды қадамы саналады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Қазақстандағы конституциялық реформалар – әлемдік геосаяси ахуал талаптарын ескере отырып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын айқындайтын маңызды қадам. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Қазақстан Конституциясына енгізілетін редакциялық түзетулер сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығына нұқсан келтірмейді. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Конституциялық комиссияның үшінші отырысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 26 Қаңтар, 2026
Максим Рожин: Халық кеңесі – жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин Ата Заңға енгізілетін бірқатар түзетулерді қолдайтынын білдіріп, Халық кеңесін құру мен Вице-президент институтын енгізудің елдегі басқару сапасын арттыруға және қоғамдық диалогты нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Исидор Борчашвили: Конституциялық реформа – құқықтық бірлік пен адамға бағдарланған таңдау
Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер елдің құқықтық кеңістігін нығайтып қана қоймай, мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын айқын көрсетеді. Конституциялық комиссияның отырысында Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Исидор Борчашвили осындай тұжырымын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.