Ата заң • Бүгін, 14:27

АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Интернационалдандыру және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Хангелді Нұрдәулет Американың USK университетінің Gould School of Iaw мектебінде шетелдік студенттерге Қазақстандағы жаңа Конституциялық реформа туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
«Дәрісте америкалық профессор Қазақстанда конституциялық реформа жүріп жатқанын білетінін айтты. Шынымды айтсам, бұл мені таңғалдырды. Мыңдаған шақырым алыста отырса да, біздің елдегі өзгерістерді бақылап отыр. Сосын ол маған Қазақстанда нақты не өзгеріп жатқанын айтып беруді сұрады. Аудиторияда америкалық студенттер, ал Қазақстаннан жалғыз менмін. Сол сәтте бұл жай академиялық тапсырма емес екенін, өз елімнің атынан сөйлеп тұрғанымды сезіндім. Референдумның маңызын, заң арқылы жүйелі өзгерістер мен мемлекетіміздің институттары күшейіп жатқанын түсіндірдім. Шетелде отырып, елің туралы айту – ерекше жауапкершілік. Өйткені сен Қазақстанды қалай жеткізсең, адамдар оны солай қабылдайды. Бүгін мен бір нәрсені анық сезіндім: Қазақстан ішкі өзгерістермен ғана емес, әлемдік академиялық ортада да талқыланып жатыр. Бұл біздің елдің дамып жатқанын көрсетеді. Және мен оның өзгерістерін мақтан етемін», деді проректор.

1

Айта кетейік, Хангелді Нұрдәулет бүгінде Америкада «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оның оқу мерзімі – 1 жыл. Өзі Түркістан облысында дүниеге келген. Ол Түркістан облысында дүниеге келген, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы – тарихшы, заң ғылымдарының магистрі.

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: Сарапшы көзқараы

Ол бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінде, Оқу-ағарту министрлігінде, Парламент Мәжілісінде жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ғылыми қызметкері, «Тұран-Астана» университетінің Халықаралық бағдарламалар және жобалар жөніндегі проректоры болған.
Соңғы жаңалықтар