Ар
Денсаулық • 10 Наурыз, 2024
Алматылық екі қария емшіге барамыз деп, дерттерін асқындырып алған
Нейрохирург дәрігерлер екі қарт әжейді сал болып қалудан құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2024
«Тасбақа жеп, жан тапсырды»: Балалар қайтыс болып, ересектер уланды
Танзания елінің Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасының етін жеген 8 бала көз жұмып, 78 ересек адам уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2024
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Қазақстанның қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді
Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің қыздар құрамасы жалпы командалық есепте 133 ұпаймен үшінші орын алды. Команда қоржынында 2 күміс, 4 қола бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Наурыз, 2024
Астананың полигондарына жалпы 6 млн текше метрден астам қар шығарылған
Елорда әкімдігі ресми сайты мәлім еткендей, 9 наурыз күні қала бойынша 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша жартылай финалда 1-8 орынға тұрақтағандар финалға өтеді, Отандасымыз R1 дисциплинасының жартылай финалында 7 орынға тұрақтап, финалға шығып, 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Наурыз, 2024
9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Наурыз, 2024
Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 09 Наурыз, 2024
«Инсульт алған»: Патрульдік инспекторлар жүргізушіні құтқарды
Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2024
«Жастар Рухы» ерекше балалардың аналарына шеберлік сағатын ұйымдастырды
«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубында спортпен шұғылданатын ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сурет салу және қыш бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 09 Наурыз, 2024
Өрттен 3 ересек адам мен 2 бала құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Петерфельд ауылында 2-қабатты тұрғын үй кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай қарсыласын ұтты
Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Ақтауда 73 көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды
8 Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұртас Сәли мереке иелерін құттықтады. Іс-шарада 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Наурыз, 2024
Қазақтың екі балуан қызы жүлдегер атанды
Түркияның Анталья қаласында бүгін басталған дәстүрлі белгілі балуандар - Яшар Догуды, Хамит Капланды, Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстанның екі балуаны жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Мерекеге орай жолаушылар пойызында гүлдер мен сыйлықтар таратылды
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарында жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде сыйлық алған әйелдер қауымы жолсеріктерге жылы лебіздерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Наурыз, 2024
Премьер-министр мереке иелерін құттықтады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Ерекше құттықтау погондағы ханымдарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Павлодар облысы полицейлері әріптестерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау іс-шарасында «Блонди» есімді ит өз үлесін қосқан екен. Аталған ерекше жайтты Polisia.kz сайты мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Әйелді құрметтей білген қоғамды өркениетті деп атауға болады - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанда мектеп психологтарының мәртебесін көтеру ұсынылды
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының мәртебесін көтеру мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Ғылыми диссертацияларды бағалау шарттары өзгеруі мүмкін
Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалын вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдап, PhD диссертациясын қорғау барысында докторанттардың тап болатын мәселелері туралы айтты. Докторанттардың көбі халықаралық Scopus дерекқорында мақаласы жарияланған кезде қиындыққа тап болады. Бұл олардың диссертациясын қорғауды қиындатады. Соның кесірінен 2011 жылдан 2022 жылға дейін 10 276 докторанттың 4 497-сі ғана қорғай алған. Олардың көбі халықаралық ғылыми басылымдарда мақаласының болмауына байланысты қорғауға жете алмаған, докторанттардың 93,5%-ы мемлекет есебінен оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шықты. Асхананы жалға алып отырған 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Наурыз, 2024
Олимпиада жолдамасына таласатын таеквондошылар құрамы анықталды
Таеквондодан наурыздың 15-16 күндері Қытайда Азия чемпионаты лицензиялық турнирі өтеді. Аталған додаға енетін Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
Қоқиқаздар Қаракөлге ұшып келді
Газеттің бүгінгі санында Бақытбек Қадырдың «Айдынға қоқиқаз қонды» деген мақаласы жарияланды. Мақалада биылғы көктемнің жеткенін қоқиқаздар сүйіншілеп, Маңғыстау жеріндегі Қаракөлге қонғаны жазылған.
Оқиға • 07 Наурыз, 2024
Қоғамдық резонанс: Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге сұрап отыр
27 қаңтар күні жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың сот процесі басталды. Оқиғадан соң араға уақыт салып жәбірленуші күдіктіні кешіретінін айтқанмен, денсаулығына келген залал мен моральдық шығынды өтеу үшін айыпталушыдан 5 млн теңге талап етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды
Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2024
Елордада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астананың барлық ауданында 70-тен астам көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.