Елорда • 09 Наурыз, 2024

Астананың полигондарына жалпы 6 млн текше метрден астам қар шығарылған

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі ресми сайты мәлім еткендей, 9 наурыз күні қала бойынша 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астананың полигондарына жалпы 6 млн текше метрден астам қар шығарылған

Фото: gov.kz

Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар жеткізілді. Қыс мезгілі басынан бері полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылған.

Қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіліп, бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамаларда, тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астана қаласында 9 наурызда күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болатыны болжанған. 

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00